Жеңілдіктер тек шынайы мұқтаж адамдарға беріледі – Үкімет басшысы

Oinet.kz 10-02-2026

Көші-қон заңнамасының және иммигранттардың кейбір санаттарын әлеуметтік қолдау тетіктерінің әлсіздігі масылдық пиғыл тудыруда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.  

image.png

Олжас Бектеновтің айтуынша, мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындайды. Дегенмен төлемдердің көптігі, жүйенің бірізді болмауы және тиімді бақылаудың жоқтығы бюджет шығындарының негізсіз өсуіне әкеліп отыр. Соңғы екі жылда атқарылған жұмыстардың арқасында шамамен 288 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойылған. 

 Премьер-министр әлеуметтік саладағы реформаларды төмендегідей жолдармен жүзеге асыруға ниетті екенін айтты: 

 Әлеуметтік көмек түрлерін біріктіру және бірізді жүйеге келтіру.  

Білім беру қызметтерін цифрландыру, оның ішінде нысандарды салудан бастап жан басына қаржыландыруға дейінгі барлық кезеңді қамту.  

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы қайта қарастыру.  

Бектенов атап өткендей, көші-қон заңнамасының және иммигранттарға арналған кейбір әлеуметтік қолдау тетіктерінің әлсіздігі масылдық пиғыл туғызған. 

Биылдан бастап жеңілдіктер мен қолдау бағдарламалары іріктеліп, жұмыс күші тапшы өңірлерге барған азаматтарға ғана беріледі. Мемлекеттік саясаттың жаңа тәсілдері бюджеті 18 трлн теңгені құрайтын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларында тәртіп орнатуға мүмкіндік береді. 

Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек көрсету» қағидатын қатаң ұстанатынын баса айтты.

Шымкенттің бұрынғы прокуроры Астанаға ауысты
Тоқаев: «Turkistan» газетіне берген сұхбатымды, Ұлттық құрылтайдағы сөзімді толық түсінбепсіздер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу