Тоқаев: «Turkistan» газетіне берген сұхбатымды, Ұлттық құрылтайдағы сөзімді толық түсінбепсіздер

Oinet.kz 10-02-2026

Қасым-Жомарт Тоқаев жазалаушы менталитеттен арылып, мемлекет пен бизнестің тиімді ынтымақтастығын жолға қою қажет екенін атап өтті.

image.png

Президенттің сөзінше, жазалаушы менталитеттен арылу қажет, ал мемлекеттің және бизнестің тиімді ынтымақтастығы әділдік, өзара тиімділік және экономиканы дамыту тұрғысынан жауапкершілік қағидатына негізделуі тиіс. Мемлекет басшысы бұл ойды жақында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында және Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда да айтқанын атап өтті.

Жазалаушы менталитеттен арылатын кез келді. Салық органдары мен салық төлеушілер арасында серіктестік және өзара сенім қағидаты орнығуы тиіс. Мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын жолға қою керек. Мұндай серіктестік әділдікке, өзара тиімділікке, тіпті экономиканы дамытудың маңызын түсіну тұрғысынан алғанда жауапкершілікке құрылуы тиіс деп ойлаймын. Бұл жөнінде жақында «Turkistan» газетіне берген сұхбатымда айттым. Үкіметтің кейбір мүшелерімен әңгімеден ұққаным, оны бәрі бірдей ықылас қойып оқымаған секілді. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысындағы сөзімді де толық түсінбегендеріңіз байқалады, — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта интернет ұзақ мәтіндерді оқудан алыстырғанын, адамдар кітаптар мен мақалаларды оқымай-ақ, мазмұнды тыңдауға бейім болғанын айтты.

Бірақ бұл мемлекеттік қызметкерлерге жараспайды. Оқу қажет. Әйтпесе, зейнет жасына жеткен кезде ойлану қабілетінен айырылып қаласыздар, — деді Президент.


Жеңілдіктер тек шынайы мұқтаж адамдарға беріледі – Үкімет басшысы
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу