«Мен адал қызмет еттім». Қамшыбек Тәшиев қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 11-02-2026

Қырғызстан ҰҚМК-ның бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылуы өзі үшін «күтпеген жағдай» болғанын мәлімдеді. Оның үндеуі әлеуметтік желілерде жақтастары арқылы жарияланды деп жазады Оinet.kz порталы  24.kg-ға сілтеме жасап.

image.png

Тәшиевтің айтуынша, ол бұған дейін жасалған операциядан кейін тексеруден өту үшін президенттің рұқсатымен шетелге шыққан. Осы кезеңде қабылданған қызметінен босату туралы шешім оған күтпеген жерден жеткен. Дегенмен, ол мемлекет басшысының шешімін орындау қажет екенін атап өтті.

«Мен мемлекетке, халыққа және президентке адал қызмет еттім және соны мақтан тұтамын. Өкінішке қарай, жеке құраммен қоштасуға мүмкіндік бермеді. ҰҚМК-ның әрбір қызметкеріне алғыс айтып, сәттілік тілеймін», – делінген үндеуде.

Сөз соңында Қамшыбек Тәшиев азаматтарды заң талаптарын сақтауға, заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырып, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қамшыбек Тәшиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары және Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметтерінен босатылған болатын.

Олимпиадада туды алып шыққан Денис Никиша үмітті ақтамады
Қазақстанда 490 мектеп директорсыз жұмыс істеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу