Қазақстанда 490 мектеп директорсыз жұмыс істеуде

Oinet.kz 11-02-2026

Қазақстанда 490 мектеп директорының лауазымы бос тұр. Бұл туралы  Білім министрі Жұлдыз Сүлейменова кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді деп жазады Оinet.kz.

image.png

Министрдің айтуынша, бос орындардың көбі Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында. 2025 жылы директорлыққа үміткерлердің тек 21%-ы тестілеуден сәтті өткен. Осыған байланысты ведомство басқа өңірлерден тәжірибелі басқарушыларды тарту мүмкіндігін қарастырып отыр.

Жұлдыз Сүлейменова басқарушылық дағдылардың әлсіздігі білім сапасына және ұжымдағы ахуалға әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ, пән мұғалімдері арасында да проблемалар бар: білімді бағалау нәтижесі бойынша 52,62% ұстаз кәсіби шекті бағалаудан өтпеген. Ең төмен көрсеткіштер Түркістан, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында тіркелді.

Министр өңірлердің есеп беруде жобалар санын, ал білім сапасын жеткілікті бақыламауын сынға алды. «Бізге формалды есеп емес, оқушылардың нақты жетістігі мен білім деңгейінің өсуі қажет», – деді Министр.

«Мен адал қызмет еттім». Қамшыбек Тәшиев қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу