Менің келісімімсіз оқытуға байланысты шығындарды ұстап қалыпты. Бұл заңды ма?

Oinet.kz 08-11-2019 1314

Ақша.jpg

Сұрақ: Мен жақында жұмыстан өз еркіммен шықтым. Мекеме менің есеп айырысу ақымнан менің келісімімсіз мені оқытуға байланысты шығындарды ұстап қалыпты. Бұл қаншалықты заңды?

Жауап: Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, оқыту шарты болған кезде жұмыскерді оқытуға байланысты шығындарды жұмыс беруші жұмыскерді жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде жұмыс істелмеген мерзімге пропорционалды түрде ұстап қала алады. Бұл жағдайда Сіздің келісіміңіз міндетті емес.

Мені жұмыстан шығарды. Енді өтемақы төлене ме?
Жалақы сақталмайтын демалыс еңбек стажына есептеле ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу