Бәле іздеп отырады

Oinet.kz 07-03-2019 1164

954-1476212188-0f737317a4.jpg

Сәлеметсіздерме! Мен де жанымның жарасын жазғым келеді. Бітпейтін ене мен келін дауы бүгін менің де басымнан өтіп отыр. Жаман адам болмайды, тек адамның жаман қасиеті болады деп есептеймін өзім. Енем әрбір ісімнен бәле іздеп отырады,сөзбен тиіскенді де жақсы көреді. Ол кісінің осы жаман қасиеті жаныма тыныштық бермейді. Кейде күліп-ойнап мені жақсы көріп отырады,кейде үндемей тисіп отыратыны бар. Күйеуім де бұл мінезін жақсы біледі, анасы ғой енді. Мен де тез көңіліме алып қаламын да оған барып мұң шағамын. Ал енеме ештеңе дей алмаймын, болмашы нәрсеге бола берекені қашырғым келмейді. Кейбір кезде жолдасым дауыс көтереді осындай қылықтары үшін. Мен өзімді кінәлі сезінемін. Енемді қайтсем екен?!

Айжан О.

 Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы

 Енемен бірдеңе жасау деген қате ой. Жалпы біреуді өзгертем деп шаршағанша, сол жай-күйді, сол адамды бар болмысымен қабылдау қажет. Сол жағдайға, нақты бір адамға байланысты ой-пікіріңізді өзгертсеңіз ол міндетті түрде өзгереді. Яғни, өзің өзгермей ештеңе өзгермейді деген қағида үнемі есте болған жөн.

Дереккөз : anabol.kz

Жігітті бірден баурап алу (Псиxолог кеңесі)
Енем біздің бірге тұрғанымызды қаламайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу