Кәсіпкер қос жұпқа билет және қонақ үйден нөмір алып беретін болды

Oinet.kz 09-09-2021 3741

Танымал кәсіпкер және Алматы қаласының Мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген жарына тірі самолет көрсеткен жігітке самолетке билет және қонақ үйден номер алып берді. Бұл туралы кәсіпкер Instagram парақшасында хабарлады. 

image.png

Қайрат Құдайберген әуелі желі арқылы қос жұпқа іздеу салған еді.

-  Осы жұпты табуға көмектесіңіздерші! Оларға өз атымнан Астана қаласына серуендеу үшін самолетке билет және "Ritz-Carlton Astana" @ritzcarlton_astana қонақ үйінен номер алып бергім келіп тұр. Ин ша Аллах армандар орындалады! Осы тамаша адамдарды білсеңіздер дайректке хабарласыңыздар! Алдын-ала рахмет! - деп жазды ол. 

Ол кейіннен желі қолданушылары арқылы оларды тауып алғандығын хабарлады.

- Ассалаумағалейкум! Құрметті қазақ елі бардықтарыңызға көп көп рақмет! Соңғы жазбамдағы кейіпкерлерді сіздердің арқаларыңызда тауып алдым. @dastikfantastik деген тепсе темір үзетін Шымкент қаласының жігіті екен. Қазір Дастанмен телефон арқылы хабарластым. Инша Алла Мәскеуден келген соң Дастанмен кездесемін және де оларға билет,  "Ritz-Carlton Astana" бронд документтерін беремін. Бәрі енді Алла Тағаланың қолында ғой. Тек қана себепкер болдым. Барлық армандарымыз орындалсын! - деді ол.

Еске сала кетейік, бұл жігіт жақында ғана әйелім тірі самолет көрсетші деген соң алып келдім деп, аэропорттың бұрышынан жарына ұшақты көрсеткен видеосын желіде жариялаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)

«Атышулы завуч» туралы мәліметтің ақ қарасы белгілі болды (фото, видео)
Жамбылдағы жарылыстан соң белгілі журналист тергеуге алынды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу