Оразкүл Асанғазы келінін бөлек шығаратын енелерді сынға алды (видео)

Oinet.kz 18-11-2021 1788

Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы Таразда өткен "Анаға тағзым" республикалық аналар форумында отбасы құндылығы жөнінде ақтарыла сөйледі. Қоғам қайраткері жастардың ажырасуын тоқтатуға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Оразкүл Асанғазы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұйымдастыруымен Таразда өткен республикалық аналар форумына қатысты. Жиында сөз алған ол қазіргі қоғамдағы жастардың ажырасуының басты себебін атады. 

- Менің қалай айтсам да хақым бар. 20 жылдан аса екі енеге келін болдым. Құдайға мың қайтара шүкір, қалада тұрсам да, келінім қолымда. Келіндерін қолында ұстамайтын енелер "өзіміз үшін ұят қой, шортымен жүреміз" деп, келінін бір жыл қолына ұстамай өзінің әулетінің, шаңырағының салтын, дәстүрін үйретпей, "өзің біл" деп жеке шығарып жібереді. Өзің біл дегенде жастар "мінезімізбен сыйыспадық" деп ажырасып жатыр. Осыны тоқтату үшін айтары бар психологтарға келіндерді тәрбиелету керек. Сол алшақтықтың орнын толтыруға аналар үлкен үлес қосады. Тәлім-тәрбие ананың ақ сүтімен, бесік жырымен баланың бойына дариды, - деді Оразкүл Асанғазы. 

Мұхтар Тайжан малшыны сынға алды: «Көк тиын керек емес!»
Энергетика министрі: «Әрине 50 мың теңгеге өмір сүре алмаймыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу