Жамбыл облысының прокурорлары инвестордың құқығын қалпына келтірді

Oinet.kz 12-07-2025 44

image.png

Байзақ ауданының прокуратурасы «Алмалы resort» туристік нысаны бойынша инвестордың құқығын қалпына келтірді. Бұл туралы  Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлайды. 

2024 жылы кәсіпкер жергілікті атқарушы органға этно-туристік демалыс аймағына апаратын жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы өтінішпен жүгінгенімен, оның өтініші жауапсыз қалған.

Сол жылы уәкілетті орган мемлекеттік сатып алуды жариялады, бірақ қаражаттың қайтарылуына байланысты конкурс тоқтатылды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде, 2025 жылдың сәуір айында жергілікті билік инвесторға қажетті инфрақұрылымды құруға қаражат бөлді. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, прокуратураның шараларының нәтижесінде инвестордың өңірде инвестициялық жобаны жүзеге асыру құқығы қалпына келтірілді. Бұл жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашып, салық түсімдерін арттырып, туризмді дамытуға септігін тигізеді.

Жамбыл облысының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуді жалғастыруда.

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою үшін облыс прокуратурасында Фронт-офис құрылып, Мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз (байланыс телефоны: 87758912552).

«Би билейтін емес, ой ойлайтын уақыт»: Аймағамбетов тренд қуып, билеп жүрген мұғалімдерді сынға алды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу