Сиреньді жұлғандарға айыппұл салынады

Oinet.kz 16-04-2026

Алматыда сирень гүлін рұқсатсыз жұлуға қатаң тыйым салынған. Мұндай әрекет үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

image.png

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қала аумағындағы жасыл желектерді зақымдаған азаматтарға 200 мың теңгеден асатын айыппұл салынуы мүмкін. Гүлдер мен өсімдіктер аулаларда, саябақтарда және көшелерде мемлекет қорғауында болады.

Ал егер өсімдік жеке меншік аумақта орналасса, онда келтірілген шығынды мүлік иесі өзі бағалап, өтемақы талап ете алады.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, мұндай құқықбұзушылықтар көбіне Әкімшілік кодекстің 386-бабымен қаралады. Аталған бап бойынша жасыл желектерді қорғау талаптарын бұзғандарға шамамен 130 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.

Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, тұрғындар табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Мәдина Әбілқасымова: Менің де несиелерім бар
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу