Қос кәсіпті қатар алып жүр

Oinet.kz 16-06-2019 545

Screenshot_6.jpg

Мал және егін шаруашылығы қазақтың қанына сіңген кәсіп. Бүгінде ата кәсіпті дөңгелетіп, қос шаруашылықты қатар алып жүрген жандар жеткілікті. Солардың бірі сарыағаштық Балибек Мәмедов.  Оның иелігіндегі «Измир» шаруа  қожалығында үлкен бау орналасқан. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 30 гектарға еккен  жемістері нен  кәсіпкер биыл көл-көсір пайда табамын деген ниетте.  Балибек келесі жылы өрік, алша, қаралы сынды сүйекті жемістерді нарыққа шығаруға үміті зор.

    Сулы жердің шөбі мол болатыны заңдылық. Кәсіпкер мұны да тиімді пайдаланып отыр. Солтүстіктен «Ангус» тұқымды ірі қара мал әкелген. Суық өңірден келгеніне 20 күндей болған таналар Сарыағаштың аптабына жерсініп те қалыпты.  «Малды Солтүстік Қазақстаннан әкелдік. Әзірге мал алу үшін өзім қаржы жұмсадым. Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламаға жүгіну жоспарда бар»,- дейді қожалық иесі. .

 Кәсіпкер алдағы уақытта тағы да мал басын арттырмақ. Егер, жоспар сәтті іске асса, өңірді етпен қамтамасыз етуге қауқарлы болады. 


Жастар Түркістанды түлетпек
Отан қорғаушыларды тәрбиелейтін орын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу