Отан қорғаушыларды тәрбиелейтін орын

Oinet.kz 16-06-2019 649

Screenshot_7.jpg

Патриотизм – жастарға ең қажетті қасиеттің бірі. Облыстағы  «Жас сарбаз» әскери-патриоттық орталығы жеткіншектерді әскери өмірге баулуда зор үлес қосып отыр. Елбасы тапсырмасы негізінде ашылған клубта жастар жан-жақты тәрбиеленеді. Онда жеткіншектер ұлттық тәрбие мен Отанға деген сүйіспеншілік құндылықтарын бойларына сіңіріп өседі.

    «Жас сарбаздың» мақсаты – жастарды патриоттық интернациондық және экстремистік идеологияларға қарсы әрекеттерге тәрбиелеу. Жасөспірімдерді ҚР Қарулы күштеріне деген құрметін, әскери борышты өтеуге және жасөспірімдерді жанжақты әскерге дайындауға оң пікір қалыптастырады. Сол арқылы жастардың отанға деген сүйіспеншілігін артырып, рухын көтеру болып табылады.

 «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ролан Төреханұлы орталық әсіресе, енді жетіліп келе жатқан балаларға нағыз  ыңғайлы орын, тәрбие мекені дейді. 

 «Жас сарбаз» деген мәртебеге ие, ұландар бүгінде облыста өтетін барлық жиындардан қалыс қалмайды. ­Өз елінің патриоты екенін дәлелдеп, әскери-патриоттық орталықтың жұмысының жандануына барынша сүбелі үлесін қосып келеді.


Қос кәсіпті қатар алып жүр
Жылдық жоспар небәрі 4 айда орындалған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу