Елбасы Түркістанға келді

Oinet.kz 28-09-2020

Тұңғыш Президент Елбасының Түркістан облысындағы сапары жалғасуда. Бүгін Н.Назарбаев Түркістан қаласында бірқатар нысандардың ашылуына қатысады.

image.png

Алдын ала белгілі болған мәліметтерге қарағанда, Елбасы «Turkistan» халықаралық әуежайының ашылуына қатысады. «Ұлы дала елі» орталығына барып,  «Rixos» қонақ үйінің құрылысымен танысады. Сондай-ақ, Елбасының келуіне орай «Конгресс холл» ғимаратының ашылуы жоспарланып, сапар соңында визит орталығында жиын өткізілмек. 

Айта кетері, Тұңғыш президенттің Түркістан облысына сапары өткен жұмада басталған болатын. Президент Сарыағашта Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездесті.  Кездесуде Елбасы мен Өзбекстан президенті екі ел қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, ұлтаралық келісімді нығайту жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар тараптар Түркі кеңесі аясындағы интеграция мәселелерін талқылады.

Праймериздің қорытындысы 5 қазанда жарияланады
Ильхам Әлиев: Әзірбайжан өз жерінде екінші армян мемлекетінің құрылуына жол бермейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×