Әкімдік ғимаратын сатқан Аюповтың қызметі өсті

Oinet.kz 10-06-2021 2121

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент Әкімшілігінің келісімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Рашид Аюпов тағайындалды.

Screenshot_3.jpg

Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында туған. Білімі жоғары. Шымкент университеті, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті мен Академиялық инновациялық университетін бітірген. Информатика бакалавры, мемлекеттік басқару бакалавры, заңгер. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияда Патшайым Марияның Лондон университетін (Queen Mary University of London) аяқтаған, мемлекеттік басқару магистрі. Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында «Даулет» өндірістік кооперативінің инженер-операторы ретінде бастаған. Қарапайым инженер-операторлықтан қала әкімі лауазымына дейін көтерілген. 

Еске сала кетейік, өткен айда республикалық ақпарат құралдарында Түркістан қаласы әкімдігі сатып жіберген ғимараттың экономикалық соттың шешімімен қайтарылғаны туралы мәліметтер жарияланған болатын. Ғимарат қала әкімі Рашид Аюповтың шешімімен аукционға шығарылып, ақыр аяғында заңсыз әрі нарықтық бағасынан әлдеқайда арзан сатылып кеткен болып шықты. Бұл туралы кеңінен жазылған болатын. 

Осылайша кеше әкімдік ғимаратын сатып шулатқан Рашид Аюпов бүгін облыс әкімінің орынбасары лауазымына көтерілді. 

Бағлан Батыршаев Ордабасы ауданының әкімі болып тағайындалды
Әкім-қаралар халықты баспанамен қамтуды қара базарға айналдырған ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу