Қошанов Тоқаевтың батылдығын өз көзімен көріп тәнті болғанын айтты

Oinet.kz 24-10-2022

ҚР Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандық журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қаңтар оқиғасынан қызметкерлерімен бірге қалай аман қалғанын және оның серіктері Тоқаевқа қандай “ұсыныс” жасағанын айтып берді.

Screenshot_5.jpg

“Президент бұған дейін өз сұхбаттарында басқа елге кетіп қалу жөнінде ұсыныстар болғанын айтып жүрді. Ол кезде президентке әртүрлі адамдар хабарласып отырды. 

Ондай жағдайлар болғанын білеміз, бірақ кім айтқанын білмейміз. Менің көзімше болған бір жағдайды айтайын, Алматыда және басқа аймақтарда тәртіпсіздіктер болып жатқан кезде күзет қауіпсіздігі келіп, мен ол кезде президенттің кабинетінде едім, қазір Ақордаға шабуыл жасалуы мүмкін екенін айтып, мемлекет басшысын басқа қауіпсіз жерге көшіруді ұсынды. 

Сол кезде президентті басқа қырынан көрдім. Ол тұрып қатты айтты, “мен ешқайда бармаймын, не болса да осы жерде көремін” деді. Қатты айтты да, күзет қызметін қоя берді. Мен сол кезде президенттің мінезін де, батылдығын да басқа қырынан көрдім”, - деп жалғады Мәжіліс төрағасы.

Қаңтар оқиғасында Тоқаев күндіз-түні жұмыс істеп, содырларға соққы берді - Қошанов
4 әйел сотталды, ал Есенованың есебі түгел. Майшелпекке Сәкен Майғазиев те ортақтасқан ба?


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×