Трамп Иранға шабуыл жасайтынын 40 жыл бұрын айтқан

Oinet.kz 27-03-2026

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты дұшпандық көзқарасы бүгін пайда болған жоқ. Итальялық Ansa.it агенттігінің жазуынша, бұл ұстаным шамамен 40 жыл бұрын қалыптаса бастаған. 

image.png

Трамптың Иранға деген көзқарасы алғаш рет 1980 жылдары, нақтырақ айтқанда Ирандағы кепілге алынғандар дағдарысы кезінде айқын көрінді. Сол кезеңде ол АҚШ-тың халықаралық аренадағы беделі әлсіреп бара жатқанын айтып, жағдайға әскери тұрғыда жауап беру қажет деген пікір білдірген.  NBC телеарнасына берген сұхбатында Трамп Ирандағы жағдайға байланысты қатаң шаралар қолдануды қолдап, америкалық азаматтарды қайтару үшін күш қолдану нұсқасын жоққа шығармаған. Бұл оның сыртқы саясатқа қатысты алғашқы ашық мәлімдемелерінің бірі саналады.  

Кейінгі жылдары да ол осы бағыттағы риторикасын өзгерткен жоқ. Мәселен, 1987 жылы Нью-Гэмпширде сөйлеген сөзінде Трамп Иранға қарсы әскери операция жүргізіп, мұнай кен орындарының бір бөлігін бақылауға алуды ұсынған. Ал 1988 жылы The Guardian басылымына берген сұхбатында Парсы шығанағындағы маңызды стратегиялық нысан саналатын Харг аралына соққы беру мүмкіндігін айтқан.  Ол өз мәлімдемелерінде, егер Тегеран америкалық кемелерге шабуыл жасайтын болса, АҚШ «мұнай инфрақұрылымына жауап соққы беруге тиіс» екенін бірнеше рет атап өткен. Бұл пікірлер оның сол кездің өзінде күшке негізделген саясатты жақтағанын көрсетеді.

  Тарихшылар Чарли Ладерман мен Брендан Симмстің бағалауынша, дәл осы кезең Трамптың болашақ саяси ұстанымдарының негізін қалады. Яғни, ол ішкі аудиторияға бағытталған алғашқы сыртқы саяси сигналдарын сол уақытта бере бастаған.  

Айта кету керек, бұл көзқарас уақыт өте өзгерген жоқ. Трамптың кейінгі саяси қызм

Еске салайық, Ирандағы кепілге алынғандар дағдарысы 1979 жылы Тегерандағы АҚШ елшілігінің басып алынуынан басталып, 52 америкалық дипломаттың ұзақ уақыт бойы тұтқында болуына әкелген. Бұл оқиға екі ел арасындағы қарым-қатынастың күрт нашарлауына себеп болды.

  Сарапшылардың пікірінше, арада ондаған жыл өтсе де, Трамптың Иранға қатысты ұстанымы айтарлықтай өзгермеген. Оның қазіргі мәлімдемелері мен бұрынғы көзқарастары арасында айқын сабақтастық байқалады.  Айта кетейік, бұған дейін Трамп АҚШ Иран аумағындағы Харг мұнай торабына қатысты әскери әрекеттер жасалғанын мәлімдеген болатын.

Ерболат Досаев Президент әкімшілігіндегі лауазымынан босатылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу