Мектеп туралы әңгіме

Oinet.kz 05-09-2020 910

Screenshot_8.jpg

Үлкен бір мектептің қасына келіп тоқтадым. Ауыл мектебі. Жылу қазандығының артына бір топ бала жинала қалыпты. Ортада он-онбір жасар шамасындағы екі бала қызу ерегесіп тұр. Айнала қоршаған балдардың есіл-дерті сол екеуінде. Жақындап барған мені байқар емес. Әлгі екі баланың ерегіскен сөздерін естіп жағамды ұстадым. Бір түрлі жүрегім сыздап кетті. Тіпті сөздерін қайталап айтуға аузым бармайды! Енді ұятта болса дәлел ретінде бір сөзін айта кетейін: "Маған не істейсің ал?" десе екіншісі, "Мен сенің шашыңды жұламын" дейді да))) Бұл мен күтпеген жауап еді! Айнала қоршап тұрған балаларға да бұл сөздер ерсі көрінбейтін сыңайлы. "Шашыңды жұламын" естімеген сөзім емес. Тек, бұл сөзді кезінде қыздар айтатын!

Қандай ұрпақ тәрбиелеп отырмыз біз? Әлгіндей балалардан қандай азамат шықпақ? Кезіндегі аты шулы жекпе-жектің бүгінгі көрінісі осы болғаны ма? Көмейге келген көп сұраққа жауап іздеп мектепке бардым. ДШ -дан беретін ағайдың айтуынша мектепте ер мұғалімдер аз екен. Өзі бір жуас жігіт екен. "Содан болар..." деп басын қасып тұр.

Жалғыз себебі де бұл емес -ау. Әр бала, бір-бір үйдің еркесі. Балада жазық жоқ. Бала қатты ашуланғанда бар болмысын көрсетеді. "Тәрбиесі қандай" екенін сол кезде анық аңғаруаға болады. "Әке көрсе оқ жонар еді -ау..."

Осы бір оқиға ойымнан кетпей жүр еді. Ортаға салғаным болсын ағайын! 

Айдар Темірбекұлы

СОЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ТАРИХТА ТАҢБАЛАНУЫ (XX ғасырға дейінгі)
Балалар туралы эссе. Жекпе-жек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу