Жалаладдин Маулана Руми өсиеті

Oinet.kz 07-09-2020 805

Хазреті Жалаладдин Руми баласы Сұлтан Уәләдқа былай деп насихат айтқан: «Балам! Қашанда ілім, әдеп және тақуалықты ұстануыңды өсиет етемін. Әрдайым өткен дін ғалымдарының еңбектерін оқып, зерттеп әһли сүннет уәл-жамағат жолынан айрылмауды өзіңе міндет деп біл. Фиқһ және хадис шәриф үйрен, надан сопыларға ұқсама. Намазды әрқашан жамғатпен оқы. Атаққа құмар болма өйткені атақ адамды опат қылады. Мансапқа байланба, көп сөйлеме. Аз сөйле және адамдардың жаманынан, бұзықтарынан арыстаннан қашқандай қаш, шетте тұр. Халал тамақтанып күмәндылардан аулақ бол. Дүние мүлкіне әуес болма. Дүние құмарлығы діннің зая болуына себеп болады. Сыртыңды сәндеме. Өйткені сырттың сәні іштің, көңілдің, рухтың төмендігін көрсетеді. Адамдармен таласып-тартыспа, ешкімнен ешнәрсе сұрама. Ешкімге жүк болма, ешкімді өзіңе қызмет еткізбе. Ғалымдарға, әулиелерге жан-тәніңмен, мал-мүлкіңмен қызмет ет. Олардың әулиелік халдеріне сен, мүнкір (сенбеуші) болма. Өйткені сенбейтіндер екі дүниеде де құтыла алмайды.»

Нұрлан мен Мұрат – Шашы ұзын қыз
Шәмші Қалдаяқов әндері. Қалдаяқовтың барлық әні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу