Аягүл Мантай. Миранда Эдисон туралы

Oinet.kz 10-09-2020 660

Screenshot_4.jpg

Миранда Эдисон 1981 жылы Колумбияда дүние есігін ашқан. Некесіз туған сәбиін анасы асырай алмай, екі айлығында туысқандарына береді. Кейіннен Миранда Эдисон сұхбаттарында бақытсыз балалық шағы туралы  мұң шағады.

«Балалық шағым туралы есіме мүлдем алғым келмейді. Түсінесіз бе, менің мүлдем балалық шағым болған жоқ. Бала секілді ойнай алмадым, қарным тойып тамақ та жемедім. Туыстарым себепсізден себепсіз ұрып-соғатын. Бала екеніме қарамастан ауыр жұмысқа жекті. Егер жұмыс істемей ойнап кетсем, аямай ұратын. Бетім, көзім, аяқ-қолдарым үнемі көгеріп жүретін.

Тоғыз жасымда үйден қашып кеттім. Анамды іздедім. Қаншама километр қашықтықты жаяу жүрдім. Кетіп бара жатқан жүк машиналарына жасырынып міндім. Жейтін тамақ болмай, бақа ұстап жеген кезім де бар. Қоқыстарды ақтарып, кәдімгі қаңғыбастарша күнелттім. Шаршасам да, «анамды табам» деген үмітім болды.

Мақсатыма да жеттім. Анамды таптым. Бірақ анам мені қажет етпеді. Күйеуі: «балаңды не мені таңдайсың» деп талап қойды. Анам менен тағы да бас тартты. «Анам мені көрсе, құшағына басады» деген қиялдарым  әп-сәтте жоғалды.  Анам «Тоғыз жасар бала қалай күн көреді? Далада өліп қалмай ма?» деп бас қатырмады.

Өзімнің бұл әлемде  жалғыз екенімді, сүйенетін ешкімім жоғын түсіндім. Мен өлсем, мені соншалықты қайғырып, жоқтайтын да адам жоғын түсіндім.

Тағы да далада күнелттім. Бала болсам да, ауыр-ауыр қаражұмыстарға жегілдім. Бір тілім нан үшін көшелерді сыпырдым. Бірақ болашақтан үмітімді үзбедім. Адамдардан бұл өмірде құдіретті күш Құдай екенін естіп, Құдайдан көмек сұрадым. Бір күні түс көрдім. Түсімде боксшы екенмін. «Боксшы болам» дедім оянған соң.

Бірақ жаттықтырушыға беретін менде ақша жоқ еді. Жаттықтырушыға  беретін ақша жинау үшін бәрін істедім. Қанымды тапсырдым. Жоқ, ол тиын-тебен тамағымнан артылмады. Ақша үшін төбелесіп, жеңіп, ақша таптым. Далада көрінген қуыста қондым. Тиын жинап, жаттықтырушыға бердім».

Анасы қажет етпеген, боксшы болуына ешкім жағдайын жасамаған, тойып тамақ ішпеген, талай жаттығуға аш барған Миранда Эдисон әлемдік деңгейдегі боксшыға айналды.

Өмірге кеткен кегі болса керек, Миранда Эдисон іштегі шерін, өкінішін, ренішін рингте шығарды. Ол рингке 152 рет шықса, соның 148-де жеңіске жетті. Ол бойындағы күшін, қайратын, энергиясын боксқа салды.

Ол қаншама адамға өзінің рухымен күш берді

Тәттілерді тойханадан жалға алады екен
Бір сабақ жіп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу