Өтіп кет қайным (әңгіме)

Oinet.kz 08-01-2020 646

image.png

Аналар тақырыбында қалам тербеген жазушы Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" романында мынадай бір дерек келтірілген:

"Ұлпан үлкендерге бұрылып сәлем берді. Шынар да соны істеді, ұялыңқырап, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем берді». Бұл мысал «Ұят - беттің пердесі» деп Майлықожа ақын жырлағандай, қазақ әйелінің бойындағы ізгілік оның инабаттылығымен өлшенетіндігін, қазақ аналарының арын жанының садағасына балаған, арлы, ибалы болғандығын айқын аңғартады.

Ал жазушы Қабдеш Жұмаділовтің "Бақыт жолында" деп аталатын романында қазақ әйелінің жарқын бейнесі былайша сомдалған:

"...Жәнібек елең етіп қарап еді, бір келіншек пен жастау қыз бастаудан су әкеле жатыр екен. Солар өтіп кетсін деп сәл аялдады. Бірақ аналар орнынан қозғалар емес, тосып тұр. Бұл ештеңеге түсінбей аңырып беттеріне қарады.

- Өтіп кет, қайным, - деді келіншек, - Жолыңды кеспейік деп әдейі тұрмыз..." (Қ.Жұмаділов. Бақыт жолында). Бұл мысалдар қазақ әйелінің тәрбие көрген тектілігін, шариғаттан аттамаған естілігін көрсетсе керек...

Жыланның ұстазға берген дәрісі
Қазақ неге әкесі тірі адамға бас мүжітуден қорыққан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу