Төлебидің туристік әлеуетін арттырған қос жоба

Oinet.kz 18-06-2026

image.png

Төлеби ауданында туризм саласына инвестиция тарту бағытындағы жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын екі ірі туристік жоба пайдалануға берілді. Жаңа нысандар ауданның туристік инфрақұрылымын кеңейтіп, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етуде.

Солардың бірі – «Paradise Villas» демалыс кешені. Жобаға 1,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Тау бөктерінің көркем табиғатымен үйлесім тапқан кешен демалушыларға жайлы әрі заманауи қызмет көрсетуге бағытталған. Кешеннің құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға берілді. Мұнда қонақтардың табиғат аясында тынығып, белсенді демалуына барлық жағдай жасалған. Жоба Төлеби ауданының туристік әлеуетін арттыруға және өңірге келетін туристер санын көбейтуге бағытталған.

image.png

Ауданда іске қосылған тағы бір маңызды жоба – «SkyRest» демалыс кешені. Бұл нысанға 1 млрд теңге инвестиция салынып, 6 жаңа жұмыс орны құрылды. Заманауи талаптарға сай салынған демалыс орны өңірдің туристік инфрақұрылымын толықтырып, келушілерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоба аудан экономикасының дамуына, кәсіпкерліктің өркендеуіне және туризм саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосуда.

Жалпы, аталған екі инвестициялық жоба Төлеби ауданында туризмді дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және табиғи әлеуетті тиімді пайдалану бағытындағы жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі болып табылады.

Төлебиге келген туристер саны 2,7 есеге артты
Төлебиде бес ірі туристік жоба жүзеге асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу