Ақымақтық туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 01-01-2020 1892

Ақымаққа арнап заң жазылмас.


Ақымақ атқа мінсе,

Атасын басып кете жаздайды.


Ақымақ ойбай салар,

Ақылды ойға салар.


Ақымақ артын ойламас,

Аласа суға бойламас.


Ақымақпен астаспа,

Ақылдымен қастаспа.

Картинки по запросу глупый

Ақылы жоқтын арманы жоқ.


Ашулы баста ақыл жоқ.


Есуастан ел сұрама,

Есерсоқтан жөн сұрама.


Баста ақыл болмаса,

Көз - бөстектің жыртығы.


Ақылды бақырды да бағалайды,

Ақымақ алтынды да қаралайды.


Шақпақ, шақпаққа от берген ақымақ.


Ақымақты үйрету - өліні тірілту.


Тентектің тобасы болмас,

Ақымақтың обасы болмас.


Ақылсыздың сүйгені жаман,

Ақымақтың түйгені жаман.

Жақсы мен жаман туралы мақал-мәтелдер
Жалғыздық туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу