Шығарма: Жанашырлық – жанға қуат

Oinet.kz 20-09-2020 1755

Жанашырлық  – қоғамдық қатынаста керек мінез. Бізді қоршаған ортаға келтірілген залалдардың барлығы осы сезімнің бойымызда аздығынан келген зауал шығар. Қаншама жануарлар жойылып барады, «Қызыл кітап» күннен – күнге қалыңдауда. Адамдар арасындағы аурулар көбейді неге? Жерге тастаса 450 жыл шірімейтін материалдармен тұрмыстық зат қолданып, ол заттарды қайта өңдеу процесіне жеткізбейтіндігімізден болар. 


image.png

 Ауыр затын дара көтеріп келе жатқан адам көрдім. Көзінде жалғыздық байқалды. Мүмкін бұл да кеудеден сусыған жанашырлықтың жоқ екеніне із шығар. Әлемнің қай бұрышынан іздесең де, жоқтықы табу қиын емес. Аш баланың қарынында ісінген өр кеуделер көзді соқыр етіп біткен. 

Баспанасыз жануарлардың суықта үсіп сыртта жүргенін жанардан тыс қалдырамыз. Жағдай жасамаймыз. Әбден шарасыз, аш хәлде біреуге тап бергенде ғана, мән береміз. Онда да өмірін үзу үшін. Адамдар, қайда барамыз?

Барлығы басқа болар еді. Жұдырықтай жүрегімізге бір уыс мейірім жетіспейді. Иә, бір уыс қана. Жанашырлықтың жанға қуат екенін, әлемді сақтар күш екенін ұғынсақ екен. Бір күндік көңіл үшін сабағы үзілген қызғалдақтай «Қызыл кітапқа» енер сезім болып кетпесе игі. 

Балалар ертегісі: Ұсқынсыз үйрек балапаны
Шығарма: Ой-өріс кеңдігі және ақыл-парасат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу