Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Эссе. Менің құқықтарым

Oinet.kz 05-10-2019 700

Тәрбие сағатының тақырыбы:«Менің құқықтарым»
Мақсаты: а/Білімділік: адам құқығы жөнінде біліктілігін арттыру.

                  б/Дамытушылық: жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге

                    үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау    

                     қабілеттінің белсенділігін арттыру  ой-өрісін кеңейту.
                  в/Тәрбиелік:Халық ертегілерін мысалға ала отырып, « Балалар құқығы туралы
                      тұжырымдамамен» таныстыру. Конституциялық, азаматтық, әкімшілік,

                      отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең

                      қажеттілерін іріктеп ала білуге үйрету. 
Сабақтың түрі: ойын, тренинг – сабағы. 
Әлемде 1979 жылы халықаралық балалар жылын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық тұжырымдама» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылдың 20 қарашасында Тұжырымдама әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» /27 - бап/ - делінген.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев Нью – Йоркте ЮНИСЕФ – тің атқарушы директоры Джеймс Грантпенг бірге «Балалар құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. әлемнің 156 – шы елі болып қол қойған бұл елеулі қадам жыл сайын 20 қарашада Республика балаларының өз құқықтарын қорғау мерекесі ретінде аталып өтіледі.
«Құқық»ұғымын ашу.
Қ-қоғам
Ұ-ұқыптылық
Қ-қорғау
Ы-ынтымақ
Қ-қызмет ету
Ойынның жүргізілу шарты:
Оқушылар! Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасай отырып, бүкіл әлем балаларының тең жағдайда өмір сүру құқығын қорғайтын Тұжырымдамамен өздеріңді таныстыру үшін саяхат ойынын өткізбекпіз. «Балалар құқығы туралы халықаралық Тұжырымдама 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданған. 
Тұжырымдама деген не?» 
Тұжырымдама дегеніміз – келісім, шарт. 
Халықаралық келісімдердің кең тараған түрі.
Тұжырымдама шарты бойынша, 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі. Тұжырымдамадада балалар жарық дүниеге келе салысымен тіркеуге алынады, осы сәттен бастап өзіне есім және азаматтық алуға құқылы деп көрсетеді. Тұжырымдамада бірде – бір баланың жеке отбасылық өмірі мен тұрғын үй меншігіне, хат хабар құпиясына басқа біреулер өз бетінше және заңсыз қол сұға алмайды дей келе, бірде – бір баланың ар – намысын аяққа таптайтын айуандық қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрлеріне жол берілмейді – делінген. Қатысушы – мемлекеттер бар мүмкіндікті қарастырып, балалардың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді – деп балаларға жасалар қомқорлықты көрсеткен.
Тұжырымдама Адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасына, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу - жөнінде айтылған.
Оқушылар! Түжырымдамада қаралған құқықтарың жөнінде біршама ұғынған болуларың керек. Енді мен сендерге ертегілерден үзінді айтамын, сендер Тұжырымдамада балалар құқығының қайсысына жататынын қолдарыңдағы әр түрлі балалар құқықтары жазылған плакаттармен көрсетіп, қорғап және менің бұл жерде балалар құқығы бұзылды ма, жоқ па деген сұрағыма жауап қайтарасыңдар!
«Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы Жалмауыз кемпір ұстап алып, өлтірмекші болып, баланың өміріне қауіп төндіреді, оқушылар, бұл туралы тұжырымдамада қандай құқық көрсетілген?
( Оқушылардың аман – сау өсіп, жетілуі қамтамасыз етіледі.). 
Бала құқығы бұзылды ма? 
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата – анасынан айырылып қалған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай балалар құқығын көрсетер едіңдер?
(Баланың жеке отбасылық өміріне қол сұғылмайды). 
Бала құқығы бұзылды ма? 
«Қобыланды батыр» жырында Тоқтарбай деген кісі өмір сүрген, ол бір ұл, бір қызды болады. Осы жырда қызының аты Қобыландыға қарындас – деп көрсетеді, бұл арада балалардың қандай құқығы туралы айтуға болады?
(Бала дүниеге келе салысымен өзіне есім алады). 
Құқық бұзылды ма? 
«Тазша бала» ертегісін білесіңдер ғой, оқушылар! Хан жарлығы бойынша жетім өскен Тазша бала тапқырлығымен «Қырық өтірік» әңгімснде «Қырық өтірік» өлең құрастырып халқын, ханын риза қылады. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар?
(Баланың өз пікірін еркін білдіруге қақысы бар екенін).
Бала құқығы бұзылды ма? 
«Ұр тоқпақ» ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс, қазанын», «Құс, есегін» алып қалған балаларды «Ұр тоқпақтың» көмегімен өздерінің теріс қылықтарын түсіндіріп, «Піс, қазанын», «Құс, есегін» қайтарып алады. Бұл ретте қандай құқық туралы айтуға болады?
(Егер бала тәртіп бұзса, оларды айуандық қинау түрлеріне жол бермейді.).Құқық бұзылды ма? 
Қазақстан Республикасының азаматтарының 
міндеттерін анықтаңыз
Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып қана қоймай, өз міндеттерін орындау керек. 
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін мысалдарын келтіріңіз. 
Қазақстан Респубилкасының азаматтарынның міндеттері:
1. Заңдарға бағыну.
2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу. 
3. Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу.
4. Қаржы, салықтарды төлеу.
5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау.
6. Табиғатты және табиғи байлықтарды сақтау.
7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, балалардың ата – ана алдындағы міндеттерін орындау.
8. Орта мектеп білімін алу.
9. Қазақстан Респубиласын қорғау.
Ойын «Сиқырлы жіп»  Мұғалім қолына жіп ұстап тұрып бірінші оқушыға жіптің ұшын береді . Жіпті барлық оқушылар үзбей ұстап тұруы керек. «Бұл – сиқырлы жіпше», Ол шұбатылып, бізді байланыстырады. Осы жіп - өмір. Жіп қолыңызға түскен кезде, сіз өмірді қандай болып көретініңізді бір – екі сөзбен айту керексіз.Мысалы: «Мен өмір сүруден еш қашан қорықпаймын қиыншылыққа төземін т.б» бүкіл сыныптың қолдарынан өтіп, мұғалімнің қолына оралады. 
Балалар өмір жібі үзілмеу керек екеніне көңіл аударыңдар!
Сендер бұл кезде қандай күйде болдыңдар?
-Қорықтық жіп үзіліп кетпесін деп.
Өмірді қайта сүре алмаймыз! Сондықтан өмірде тек жақсылық,қызықты
болу үшін өмір сүреміз. 
Қортынды:

Міне, Құрметті оқушылар! Тұжырымдама сендердің жан – жақты қамқорлықта болуларыңды қорғауды мақсат тұтқан екен, ал баланың білім алуы туралы – олардың жеке басының дамуы, ақыл – ойы, таланты өсуі қажет деп көрсетеді. Тұжырымдама шарты бойынша, 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі. Тұжырымдамадада балалар жарық дүниеге келе салысымен тіркеуге алынады, осы сәттен бастап өзіне есім және азаматтық алуға құқылы деп көрсететіні туралы  ой қозғадық. Әрбір  адам өз құқығын сақтап,үлгілі азамат пен азаматша болып өсу керек.
Тұра берші, мәңгі жасыл өмір бағым жайқалып,
Бөбектердің күлкісінен тәттілігің байқалып.
Түлеп күнде өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар,
Кетпесін тек тыныштығы шайқалып!

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық топтарының жылдық қорытынды есебі
Ашық сабақ: Адамгершілік құндылықтарды жеке тұлға бойында қалыптастыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу