Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Oinet.kz 05-10-2018 719

Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

 

Оқу – танымдық іс - әрекет педагогикалық процестің  құрамды бөлігі. Оқу – танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу – танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл – ой, ерік- күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.

Танымдық іс – әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі – оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл – ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды.

Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу - танымдық


 

белсенділігін қалыптастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды. Адамның сөйлеуінде қолданылатын тілдік нұсқалар дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, сөйлемдер тіркесі. Бұлар тілді оқытудағы негізгі мәселелер. Тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоэпиясын меңгерту жұмыстары жүргізіледі.

Ауызша сөйлеу тілінің бұл-негізгі мәселесі. Қазақша сөйлеу үшін оқушының жеткілікті сөздік қоры болу керек, оқушы сөздерді байланыстырып сөз тіркестерін жасаудың, сөз тіркесінен сөйлем құрастырудың заңдылықтарын білу қажет. Сонда ғана байланысты ойды басқаға білдіруге, басқаның сөйлеуін түсінуге болады. Сөйтіп, сөз және сөз тіркесі бірігіп сөйлем құрамына кіріп, олардың бір-бірімен тығыз байланысы арқылы байланысты ойды білдіреді. Байланысты ойды білдіретін бұл құрамдар сөйлемде бір- бірімен ойдың ішкі байланысына қарай байланысқа түседі.

Байланысты сөйлеудің құралдарының тілде қолдану заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, тәжірибе жүзінде яғни сөйлеуде қолдануда жаттықтыру, оларды дұрыс қолдану дағдысын оқушыда қалыптастыру - тіл дамытудағы негізгі мақсат болып табылады. Сондықтан тіл дамыту осы тілдік нұсқаларды оқытумен бірге байланыста жүргізіледі. Яғни, тіл дамыту тілдік нұсқаларды, тұлғаларды оқыту барысында бірге жүргізіледі. Атап айтқанда, фонетика, лексика, грамматика салалары ереже жаттау ретінде жеке оқытылмайды. Бұл тілдік материалдарды оқыту олардың қолданылуын меңгерту мақсатына бағындырылады.

Оқушы қазақ әдебиетінің тілдік материалын білмей, ойын байланысты түрде басқаға жеткізе алмайды. Сондықтан оқушыға қазақ тілінің тілдік нұсқалары таныстырылады.

Оқушының сөздік қорын үнемі байытып отыру-тіл дамытудағы негізгі мәселе. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізуге мүмкіндігі мол болады. Сөздік қоры бай адам ойын жеткізуге ең керек сөзді таңдап қолдана алады, оның ойын дәл білдіретін сөзді таңдау мүмкіндігі бар. тауып сөйлеу, ойын анық білдіру қажетті сөзді қолданумен тікелей байланысты. Ал ол сөздік қордыңбайлығын керек етеді.

Сондықтан, тіл дамытуда оқушының сөздік қорын байытуға ерекше мән беріледі. Жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етуге үлкен мән беру керек. Оқушы жаңа сөзді сабақта үйреніп, бірақ оны жеткілікті дәрежеде бекітпесе, ол оқушының


есінде сақталмайды, сондықтан оқушының сөздік қоры байымайды. Олай болса, жаңа сөзді оқушы есінде қалатындай жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар, оқушының сөздік қорын байыта отырып, тілін дамытуға көп септігін тигізетін жолдың бірі

-   мақал-мәтелдер сөздігін жасау.

Мақалмәтелдер сөздігі оларды оқушы есінде тұрақтандыруға көмектеседі. Ал мақалмәтелдер оқушының қазақша сөйлеуін көріктендіреді. Мақал-мәтелдер сөздігін оқушы сөйлесу кезінде, мазмұндама, шығарма жазғанда, пайдалануына болады. Оқушының тілін дамыту, сөздік қорын байыту - жан - жақты жұмыс. Бұл ретте оқушыны дайын сөздіктер пайдалануға жаттықтырудың да атқаратын қызметі зор. Оқушы қазақ тілінен меңгерген сөздік қорын қарым-қатынаста қолдана алмаса, тіл білген болып саналмайды.

Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту сөздердің сөйлеуде қолданысына жаттықтырумен бірге байланыста жүргізіледі. Ал оқушы сөздерді қарым-қатынаста қолдана алу үшін, тілдік тұлғалардың қолданылу заңдылығын білуі керек. Ал ол - грамматиканың мәселесі. Грамматикада сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылатын сөз түрлендіруші қосымшалар, олардың қай сөз табына, қалай жалғанатыны, беретін мағынасы тағы басқа заңдылықтар беріледі.

Грамматиканың заңдылықтарын меңгеріп, оны сөйлеуде қолдану арқылы ғана байланысты ойды білдіруге болады. Бірақ грамматиканың заңдылықтарын жатқа білгенмен, оны сөйлеуде қолдана алмаса, ол да тіл білгенге жатпайды. Сондықтан тілге үйрету тілдік нұсқаларды оқушыға білгізу және олардың сөйлеуде қолданылуын меңгертуге жаттығудан басталады. Екінші тілді үйрету ісінде оқушы тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру кезінде, жаттығулардың алар орны ерекше. Тілге үйрету қай тілде де жаттығулардан басталады. Жаттығулар тілдік материалдың негізінде оқушының жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай беріледі. Ғылымда жаттығуларды екі түрге бөледі; тілдік жаттығулар және сөйлеу жаттығулары.

Тілдік жаттығулардың міндеті тілдің грамматикалық материалын оқушыға меңгерту. Сөйлемдегі түсірілген сөзді тауып қосу, сөйлемді аяқтау, сөйлемді кеңейту, сөйлемді тарылту сияқты жаттығулар оқушыны сөйлеуге апарады. Мұндай жаттығулар тілдік тұлғаларды сөйлеуге қолдануға оқушы әбден машықтанып, оны түрлі жағдайға байланысты өзінше қолдана алатын кезеңде


 

беріледі. Тілдік жаттығулар оқушыларға тілдік тұлғаларды қолдандыруға жаттықтырып, оны сөйлеуде қолдану дағдысын қалыптастырады. Сөйлеу жаттығулары тілдік материалды керек кезінде, айтылатын ойға байланысты оқушы орынды қолдана алатын болуын көздейді. Сөйлеу жаттығулары қарым-қатынас жасауға бағытталады. Оған сұраққа дүрыс жауапберу, өзі сұрақ қоя білу, тілдік жаттығуларда меңгерген сөйлем үлгілерін сөйлеуде еркін қолдану, орысшадан қазақшаға аударып, әңгімелеу, жоспарланбаған, дайындалмаған тақырыптарда сөйлесу тағы басқа да жұмыс түрлері жатады.

Сөйлесу жаттығуларын орындау барысында қазақша сөйлеуге оқушылар әбден жаттығады, сөйлеу автоматты түрге көшеді. Сөйлеудің жеке адамға қатысты түрін, екі, көп адаммен сөйлесуді оқушы жаттығулар арқылы меңгереді. Сөйлеудің, сөйлесудің барлық түрлерін меңгерген оқушыны қазақша тілі дамыған деуге болады. Ондай оқушылар ойын барлық жағдайда жеткізе алады, қазақша еркін сөйлей алады. Қазақ әдебиетінен үйренген сөздік қоры оған негіз болады. Сөйлеу жаттығуларына сурет арқылы оқушыны сөйлеуге үйрету, оқыған кітабының мазмұнын әңгімелету, мақал-мәтелдерді сөйлеуде қолдануға жаттықтыру, тақпақ, өлең айтуға жаттықтықтыру да жатады. Бұлардың бәріоқушы тілін дамытудың құралы. Оқушы тілін дамыту жұмысында суреттерді қолдану көп пайдасын тигізеді. Мазмұнды сурет сыныпта оқушыларға сұрақ-жауап тәсілі арқылы әр оқушыға әңгімелету арқылы оның мазмұнын толық ашуға болады. Оқушылар бірін-бірі толықтыру арқылы әңгіме құрастырады. Соңғы оқушыға қорытынды ретінде толық әңгімелету керек. Мазмұнды суреттің толық мазмұнын жазуға болады. Мазмұнды суретпен сұрақ-жауап, ауызша толық сипаттама сияқты жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Бұл жұмыстың қайсысы болсын оқушыны қазақша сөйлеуге жаттықтырады, қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырады, тілін дамытады.

Мақал - мәтелдер де - оқушы тілін дамытудың күшті құралы. Жаңа буын оқулықтарында тіл дамыту мақсатында мақалмәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар берілген. Мақал- мәтелдермен жүмыс істегенде әрқайсының оқушы мағынасын түсіне отырып, орынды қолдана алуы керек. Сондықтан мұғалім мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп, оны аудару, оның орыс тіліндегі баламасын табу сияқты тапсырмалар беру, баланың сөйлеу тілін дамытып қана қоймай, оның ізденімпаздығын да

 


арттыра түсері даусыз. Жаңылтпаштарды оқыту тіл ұстартудағы ең тиімді әдістердің бірі болып саналады. Себебі баланың тілі жаттығады, әрі ережеге сай айтылған жаңылтпаш оқушының қазақ тіліне тән дыбыстарды да дұрыс айтуына назар аудартады. Жұмбақтар - тек тіл дамыту құралы ғана емес, олар баланың ойлау қабілетін арттыра отырып, тапқырлыққа, ойшылдыққа баулитын қүрал. Сөйлеу жаттығулары оқушыларды тілдік материалдарды сөйлеуде қолдануға дағдыландыруды көздейді. Сөйтіп, оқушыны алдымен тілдік материалды сөйлеуде қолдануға жаттықтыру, дағдыландыруда сөйлеу жаттығулары маңызды қызмет атқарады. Сөйлеу тілі адамның есту арқылы қабылдауына бағытталады.

Сөйлеу тілі екі адамның, көп адамның арасындағы қарым- қатынасты қамтамасыз етеді. Ол көбіне тікелей жүзбе-жүз қатынаста қолданылады, радио, теледидар арқылы көп адамға да бағытталады. Сөйлеу тілінің техникалық құралдар арқылы көпшілікке бағытталуы тікелей қарым-қатынасқа жатпайды. Ауызекі сөйлеу тілінің ең көп қолданылатын кезі сөйлеуші мен тыңдаушының тікелей қарым-қатынасы. Мұндай жағдайда сөйлеуші тыңдаушының өз сөзін, ойын қалай қабылдағанын көріп отырады. Соған байланысты ойын түрлендіре алады. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.

Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады. Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор.

                      

Ашық сабақ: Оқушының ой-белсенділігін дамыту
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 11 сынып. Жұбан Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу