Филология. Реферат. Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің аударылуы

Oinet.kz 09-09-2020 901

Мақалада көркем аударманың ерекшеліктері қарастырылады жә­ не көркем шығарма мәтініндегі жалқы есімдерді аударудың негізгі тәсілдері сипатталады. Көркем әдебиетте жалқы есімдердің қолда­ нылуы қиын мәселелердің бірі саналады. Алайда көркем шығарма мәтінінде кейіпкерлердің есімдері ерекше мәнге ие. Көркем әдебиет­ тің мақсаты адам және адами қасиеттерді ашуға бағытталған заттар­ ды, табиғатты сипаттау болып табылады, сондықтан да жазушы өз кейіпкерлерінің есімдерін ерекше ұқыптылықпен таңдайды. Адам есімін анықтаған соң адамдардың бір­бірімен таныстығы басталады тұлғааралық және мәдениаралық коммуникацияда жалқы есімдер тірек қызметін атқарады, тілдік кедергілерді жоюға көмектеседі, бі­ рақ түпкі тілдік ортада олар қиын мағыналық құрылымға, формасы мен этимологиясының бірегей ерекшелігіне ие болады. Жалқы есім­ дер автордың түпкі ойын жеткізуші құрал ретінде қолданылады, сон­ дай­ақ ұлттық және әлеуметтік­тарихи колоритті білдіреді. Кейіпкер есімінен басқа оның сипаттамаларын жеткізетін басқа сәтті тәсілді елестету қиынға соғады. Мінездеме беру қызметі есім қою қызме­ ті арқылы жасырынған, алайда мәнмәтінде бейнені ашу барысында кейіпкер есімі немесе тегінен оның мінездемесі айқын болады.

Аударма – адамның ежелден шұғылданып келе жатқан ісінің бірі. Тілдердің айырмашылығы адамдарды осы аталған ауыр, алайда аса қажетті еңбекпен айналысуға итермеледі, ол халықтар арасындағы қарым-қатынас орнату және рухани құндылықтармен алмасу мақсатын жүзеге асырады. Әдебиет – ұлттық-тілдік дәстүрлермен тұйықталған өнердің жалғыз түрі: әдеби туынды өзі жазылған тіл тұтынушыларына ғана түсінікті болса, сурет өнері, мүсін, би, кино және театр өнерін кез келген көрермен мен тыңдарман қабылдай алады.

Көркем аударма таза әдеби-лингвистикалық техника аясынан алыстай алатын мәселені білдіреді, себебі әрбір аударма қандай да бір деңгейде түпнұсқаны эстетикалық және идеологиялық тұрғыдан меңгеру болып табылады. Тек лингвистикалық және тарихи-мәдени тұрғыдан жақсы қаруланған аудармашы ғана түпнұсқаның мағыналық мазмұнын, эмоциялық айқындылығын және құрылымдық безендірілуін жеткізуді қамтитын теңбе-тең көркем аударма міндетін қанағаттанарлық деңгейде шеше алады.

Аудармашының негізгі қозғаушы күші тек шығарма тілі ғана емес, сондай-ақ аудармашының ойды сөзбен бейнелеу үшін қажетті дәлме-дәл тілдік бірліктерді іздеуге түрткі болатын түпнұсқа арқылы жеткізілеті идея да болуы тиіс, яғни көркем аударма лингвистикалық та, көркемдік те тұрғыдан түпнұсқаға дәлме-дәл сәйкес келуі керек.

Көркем шығарма мәтінінде кейіпкерлердің есімдері ерекше мәнге ие болып табылады. Аударма нысаны ретінде жалқы есімдерді сипаттай отырып, әдетте, олар аударылмайды дейді. Осыдан жалқы есімнің дыбыстық формасын сақтау аударма мәтінін түсінуге жеткілікті болады. Алайда кейбір жағдайларда аударма мәтінін де толық әрі дұрыс түсіну үшін берілген сөздің жалқы есім екенін білу жеткіліксіз, ал мағыналық құрылымын талдау қосымша ақпаратты қажет етеді. Әсіресе бұл көркем мәтін үшін өзекті болып табылады, мұнда жалқы есімді қарапайым есімнен мағыналы есімге айналдыратын көркемдік-эстетикалық қызметке ие болады, алайда бұл жайт көркем туынды аудармасында жиі сақталмайды.

Есімдер мен атаулар адам өмірінде әрдайым маңызды рөл атқарады. Адам есімін анықтаған соң адамдардың бір-бірімен таныстығы басталады – тұлғааралық және мәдениаралық коммуникацияда жалқы есімдер тірек қызметін атқарады, тілдік кедергілерді жоюға көмектеседі, бірақ түпкі тілдік ортада олар қиын мағыналық құрылымға, формасы мен этимологиясының бірегей ерекшелігіне ие, тілдің басқа да бірліктері және категорияларымен тығыз байланысты болып келеді.

Жалқы есімнің сәтті анықтамаларының біріне О.И. Фонякова ұсынған дефиницияны жатқызады: «Жалқы есім – зат есімнің әмбебап, функционалды-семантикалық категориясы, халықтың тілі, сөзі мен мәдениетінде осы нысандар туралы жалпы түсінік пен жеке ұғымдарды білдіретін, жеке нысандарды ерекшелеу мен сәйкестендіруге бағытталған (жанды және жансыз) ауызша таңбалардың ерекше түрі» [1, 21].

«Жалқы есімдер сипатталатын жағдаятқа қарамастан және ешбір міндетті дәлелдеу анықтамаларынсыз затты ерекше, жеке белгілеп көрсету үшін қызмет етеді» [2, 9]. Барлық жалқы есімдер заттық мағынаға ие, яғни, олардың мазмұнының бір бөлігі қандай да бір заттың бар екендігі туралы қорыту болып табылады.

Жалқы есімдер дәл осы зат туралы, оның қасиеттері жайлы белгілі бір ақпаратты білдіреді. Бұл ақпарат толық немесе қысқа, түрлі деңгейде танымал болуы мүмкін. Егер аталған ақпарат барлық тілдік ұжым бойынша таралса, осы зат туралы мәліметтер жалқы есімнің тілдік мағынасының бір бөлігі екендігін білдіреді.

Жалқы есімдерді аударудың бірнеше қағидаттары бар. Осылайша, жалқы есімдерді өзге тілде берудің төмендегідей жіктемесі қалыптасқан [2, 15-25]:

  • графикалық ұқсастық қағидаты (транслитерация);

  • фонетикалық ұқсастық қағидаты (транскрипция);

  • этимологиялық сәйкестік қағидаты (транспозиция);

  • үйлесімділік қағидаты.

Транслитерация – «белгілі бір графикалық жүйе, басқа да графикалық жүйе тәсілдері көмегімен жазылған мәтін мен жекелеген сөздерді әріптік тұрғыда жеткізу» [3, 518].

Транслитерация практикалық транскрипциядан өзінің қарапайымдылығымен және қосымша таңбаларды енгізу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Аталған қағидат жиі библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру кезінде және каталогты ұйымдастыру барысында қолданылады. Орыс тіліндегі мәтінге шет тілінен енген сөзді қосу тәсілі ретінде транслитерация аз қолданылады, себебі транслитерация кезінде шет тілінен енген жалқы есімнің дыбыстық формасы қатты бұрмалауға ұшырайды.

Жалпы алғанда көпшілік жалқы есімдер қазіргі таңда графика әдісімен, яғни, транскрипциямен жеткізіледі, ал транскрипция – «сөз бөліктерінің дыбыстық сипаттамаларын жазу барысында біркелкі тіркеу тәсілі» [3, 517].

Кез келген жағдайда және кез келген тілдік ұжымда затты теңдестіру үшін жалқы есім қолданылса да, ол көптеген басым жағдайларда ұлттық-тілдік қатыстылыққа ие. Жалқы есімдер әрдайым реалия болып табылады. Сөйлеу кезінде оны ойдың шынайы немесе ойдан шығарылған, қайталанбас және жалғыз нысаны деп атайды. Мұндай әрбір есімде әдетте жергілікті және ұлттық жабдық туралы ақпарат қамтылады.

Транскрипцияланған жалқы есімдер басқа да реалиялармен қатар өзінің ауызша дыбыстық формасында белгілі бір ұлттық ерекшеліктерді сақтайды. Транскрипция мен транслитерациядан басқа, есімдерді беру және кірме сөздер тәжірибесінде тағы бір аз зерттелген қағидат байқалады – этимологиялық сәйкестік қағидаты немесе транспозиция. Транспозиция «бір тілдік форманы басқа форма қызметінде қолдануды» білдіреді [3, 519] және форма жағынан әртүрлі, алайда лингвистикалық шығу тегі ортақ тілдерде бірбіріне жеткізу үшін қолданылады. Кей жағдайларда транспозиция тұрақты түрде қолданылса, кейде жүйелі түрде қолданылмайды.

Аударылатын тілдегі тікелей сәйкестігі жоқ тілдік бірліктерге арналған аударма транслитерациямен қатар кейде калькалау қолданылады, яғни «өзге тілдегі тиісті тілдік бірліктің тура аудармасында жаңа фразеологизм, сөз немесе жаңа мағынадағы сөздің пайда болуы» [3, 211]. Басқа сөзбен жеткізер болсақ, бұл сөздің немесе сөз тіркесінің дыбыстық емес комбинаторлық құрамының жаңғыруы, яғни сөздің құрамдық бөлімдері (морфемалар) немесе фразалар (лексемалар) аударылатын тілдің сәйкес элементтерімен аударылады. Калькалау аударма тәсілі ретінде мәдениаралық қатынас кезінде транслитерация эстетикалық, мағыналық немесе өзге пікірлердің әсерінен тиімсіз болған жағдайларда түрлі бағыттардағы көптеген кірме сөздерге негіз болды. Транскрипцияға қарағанда калькалау аударылатын тілге бастапқы форманы жеткізудің әрқашан қарапайым механикалық амалы болып табыла бермейді; көбінесе біршама трансформацияға жүгінуге тура келеді. Ең біріншіден бұл септік формаларының, сөз тіркестеріндегі сөздердің саны, аффикстер, сөздердің реті, сөздердің морфологиялық немесе синтаксистік мәртебесінің және т.б. өзгеруіне байланысты. Сипатталған қағидаттар мына ережеге негізделеді, яғни жалқы есім қалыпты сөйлеу қарым-қатынасы кезінде затты ажырату үшін атап көрсетеді, ал көркем мәтіндегі жалқы есім бұл саралау функциясын эстетика, бейнелеу функциясымен қатар қолдана отырып, оған бағынады. Көркем шығарма – бұл жалқы есімдер қызмет істейтін ерекше орта. Мәтінде сөздер нақты және суреттелген ақиқатпен, заманауи әдеби тілмен және көркем шығарма тілімен өзара қатынаста болады. Бұл оқырманның сөздің ассоциативтік байланыстарын жаңадан жасауына, өз кезегінде оның семантикасын қайта ойлауға, шығарма авторының ойын түсінуге мүмкіндік туғызады: сөздер, белгілі жайт, бір мезгілде объективті ақиқат пен жазушы жасаған көркем әлемді білдіреді.

Көркем шығарманың кейіпкерлерін атау, әдеттегідей, білімнің ұлттық дәстүрлеріне және жалқы есімдердің қызмет істеуіне негізденеді, яғни бұл оқырманға уақыт-кеңістік бағдарын (оқиға орны, мезгілі, оқиға кейіпкерлерінің әлеуметтік мәртебесі және т.б.) береді.

Көркем шығарма кейіпкерлерінің есімдері көркем мәтінді өзге тілдерге аудару кезінде өздерінің сипаттау белгілерін сақтап қалатындығын айта кеткен жөн. Әдетте мұндай жағдайларда түпнұсқаның жалқы есімдері өзге тілде берілгенде олардың графемдік айтылу ауытқуларынан өзгесі өзгеріссіз сақталады. Өзге тілде тікелей берілуі бейненің көркемдік қабылдануын бәсеңдетуі мүмкін есімдер ғана аударылуы мүмкін.

Жалқы есімдердің көркем мәтінде аударылуы өзіндік ерекшелікке ие, сондықтан есімдер мен атаулар көркем шығарма түрінің ажыратылмайтын, жазушы стилімен қиысатын элементі және көркем бейне жасайтын амалдардың бірі болып табылады. Оларда едәуір мағыналық жүктеме, ерекше дыбыстық бейне, жасырын ассоциативтік фон болуы мүмкін. Жалқы есімдердің аударылуы стилистикалық жағынан дұрыс әрі нақты болуы тиіс, шығарманың барлық ерекшеліктеріне, ойына, мақсатына сәйкес келуі керек, өзіндік колорит, тіпті кейде қандайда бір ерекше ой, авторлық идея көрсетілген ерекше мағына сақталуы тиіс.

Сонымен, тиісті әдісті таңдау өте күрделі іс, аудармашының шешіміне байланысты, ол көптеген лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларды ескеруі тиіс, соның ішінде тілдік генезис, семантикалық категория және, бәрінен бұрын, мәтін және сол мәтіндегі жалқы есім атқаратын функция. Сонымен қатар, берілген есімнің аударылу дәстүрі, сонымен байланысты коннотациялар, жалқы есімнің шындық / ойдан туындаған факторы сияқты мәселелер де маңызды болып табылады. Жалқы есімдерді жеткізу тәсілін таңдау жалпы екі негізгі факторлардың қосындысын құрайды: түпнұсқа мен аударма тілдерінің нормалары немесе ережелері, сонымен қатар аудармада сақтап қалуға тырысқан түпнұсқа мәтіннің құндылықтарын анықтайтын аудармашы қолданған тәсіл. Алайда, бұл таңдаудың кездейсоқтық емес екендігін ескерген жөн: әдеби шығармада жалқы есімдер әдетте бірнеше функцияларды қатар қолданады, сондықтан өзінің интермәтінділік, семантика, экспрессия немесе ақпараттық жүктемесімен мәтінді көркемдей түсетінін сақтап қалу керек. Атаудың дәл мәнін байқау, оның ең оңтайлы функциясын таңдау және оны оқырманға жеткізу жалқы есімді көркем аудармада сақтау болып табылады. Осылайша көркем шығарма кейіпкерлерінің аталу жүйесі тек маңызды құрылымдық ұйымдастырушы функциясын ғана орындап қоймайды, сонымен бірге әлдеқайда жалпы көп қырлы лингвистикалық және экстралингвистикалық ақпаратқа ие. Ономастикалық кеңістік жазушы тілі сөздігінің бөлігін құрылымды қамтиды, оның авторлық даралығын және шеберлік деңгейін сипаттайды.

Әдебиеттер

  1. Фонякова О.И. Имя собственное в художественном тексте. – Л., 1990. – 103 с.

  2. Ермолович Д.И. Имена собственные на стыке языков и культур. – М.: Р. Валент, 2001. – 200 с.

  3. Нелюбин Л.Л. Толковый переводоведческий словарь. – М.: Флинта: Наука, 2003. – 320 с.

Филология. Реферат. Қазақ әдебиетіндегі әскери прозаның қалыптасуы
Филология. Реферат. Подкаст – тілді меңгертудегі заманауи технология
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу