Филология. Реферат. Өзгелік жəне ырықсыз етіс тұлғаларының мақал-мəтел мəтіндерінде қолданылуы

Oinet.kz 12-09-2020 1392

Мақал-мəтелдер – халқымыздың асыл мұраларының бірі.

Мақаламыздың мақсаты – М. Қашқаридың

«Диуани лұғат-ит түркң атты ескерткіші тіліндегі мақал-мəтелдер мəтіндерінде өзгелік жəне ырықсыз етістің тұлғалары мен мағыналарын ашу.

Зерттеу материалдары, əлбетте, сол орта ғасырда жазылған танымал сөздіктің тілінде кездесетін мақалмəтелдер.

Диуандағы мақал-мəтел мəтіндерінің көркем аудармасы Ə.Құрышжанұлының тəржімасы бойынша берілді [1].

  1. Өзгелік етіс тұлғасымен келетін мақалмəтелдер жөнінде:

Йырақ йер савын арқыш келдүрүр (алыс жердің хабарын керуен келтірер) [2,22].

Алп еріг йавыртма, ықылач арқасын йағрытма (алып ерді əбіржітпе, арғымақтың арқасын жауыр қылма) [2,157].

Отуғ узғуч бірле өчүрмес (отты шаламен өшірмес) [2,187].

Сув ічүрмесге сүт бер (су татырмағанға сүт бер) [2,224].

Тешүк сувда белгүрүр (тесік нəрсе суға салғанда белгілі болады) [2,199].

Көз келігі йазын белгүрүр (көздің келері жазда белгілі болады) [2,199].

Евлік тозғурса, көзі йолқа болур (жолаушының қарнын тойдырса, екі

Көзі жолда болар) [2,205].

Арслан қарыса, сычған өтін көзезүр (арыстан қартайса, тышқанның інін аңдиды, сөзбе-сөз: күзетер) [2,279]. Ескерту: көзезді сөзі көз етті (көз тастады, көз қадады, көзімен атты) [2,91] сөздерінен бірігіп жасалған; күзетті сөзі көз етті (көз тігу, көз тігіп қарады) [2,354] сөздерінен бірігіп жасалған.

Теңсізде тегірмен турғурса, йарағсыда йар барыр (орынсыз жерге тиірмен орнатса, ойда жоқта жар пайда болады, сөзбе-сөз: тиірмен тұрғызса) [2,366].

Түнле булыт өртенсе, евлүк уры келдірмішче болур, Таңда булыт өртенсе, евге йағы кірмішче болур (кеште бұлт қызарса, əйелі ұл тапқандай болады, азанда бұлт қызарса, үйге жау кіріп келгендей болады) [2,252].

  1. Ырықсыз етіс тұлғасымен келетін мақалмəтелдер жөнінде:

Иккі буғра ігешур, отра көкегүн йанчылур (екі бура алысса, ортасында шыбын өледі, яғни шыбын жаншылып қалады) [2,198]. [2,198]. Йанчыл(страд. от йанчбыть раздавленным).

Йалыңуқ үрілміш қап ол, ағзы йазылыб алқынур

[2,204] (адам бір үрілген қарын сияқты, аузы ашылса, алқынып, яғни бүрісіп қалады). Үріл(страд. от үрдуть) [3,627]; йазыл(страд. от йазраскрываться ) [3,251].

Қал савы қалмаз, қағыл бағы йазылмаз [2,387]. (Қарттың сөзі босқа қалмайды, жас шыбықтың түйіні (байлауы) жазылмайды). Йазыл(страд.от йазбыть развязанным) [3,251].

Чақса тутінүр, чалса білінүр [2,31] (шақпақ шақса түтін түтейді, сөз айтылса сыр ашылады, яғни көкейіндегі мақсаты білініп қалады).

Түтүшмегінче түзүлмес, түбірмегінче ачылмас [2,74-75] (ер шекіспей, түзелмес, яғни бітімге келмес, жел тұрмай күн ашылмас).

Арслан көкресе, ат азақы тушалыр [2,171] (арыстан ақырса, ат аяғы тұсалады).

Ердемсізден қут чертілүр [2,266] (жақсылығы жоқ адамнан құт қашады).

Қылыч татықса – ыш йунчыр, ер татықса ет тунчыр [2,326] (қылышты тот басса ісі бұзылады, ер адамды тот басса еті бұзылады).

Қурмыш кіріш түгүлмес, оғруқун тағ егілмес [2,234] (құрылған жайдың кірісі түйілмейді, арқанмен тау йілмейді).

Буғдай қатында сафач сувалур [2,258] (бидай ішінде қарамық та су ішеді; қазақта: «күріш арқасында күрмек су ішеді).

Бұл келтірілген мысалдар жоғарыда айтылып өткен пікірлерге дəйекші бола алады, сонымен бірге тиісті жерінде талданған фактілерге қосымша ретінде де қызмет атқара алады.

Орта ғасыр түркілерінің тілінде қолданылған ырықсыз етістің көрсеткіштері қазіргі қазақ тілінде де бар, бірақ олардың арасындағы басты бір айырмашылық мынада: профессор А.Қалыбаеваның сөзімен айтқанда: Етіс аффикстерінің етістік түбіріне тікелей жалғанып, кірігіп кетуі етіс мағыналарын беретін синтаксемалардың біразының лексемаға айналып кетуіне негізгі себеп болған. Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі лақтыр (бросай), шомыл (купайся), тағы басқа осы сияқты туынды түбір етістіктер тұтас бір морфема ретінде қолданылады [4,17].

Қазақ тіліндегі етіс категориясы туралы арнайы еңбек жазған А.Қалыбаева одан əрі былай дейді:

«Ырықсыз етіске тəн –л (-ыл//-іл) аффикстерінің есім мағынасында қолданылатынын анықтау үшін бірнеше мысал келтірейік: сойыл, қамал, оралғы, бұралқы, үзіліңкі, созылыңқы, шойырылма, жайылым, жеңілдік, қысылшаң, қысылтаяң т.б. [4,32]. Сөз болып отырған етістің аффиксі -л уақыт өткен сайын ескіре келе, түбір сөзден ажырата алмастай болып бірігіп кетсе де, бүгінде жалпы өлі жұрнақтың ролін атқарып, өзінің бұрынғы ырықсыз етіс мағынасын беретін грамматикалық қызметінен айырылып қалған.

М.Қашқари бұл іспетті көнерген жұрнақ туралы сөз қозғамайды.

М.Томанов «Етіс формаларының дамуың деген тақырып бойынша М.Қашқаридың айтқан кейбір пікірлерін келтіре отырып, оның жазған мысалдарына шолу жасайды. Қайсыбір етіс түрлерінің „Диуанда“ қолданылу тəсілі қазіргі қазақ тілінің говорларында да ұшыраса беретін орындарын көрсетеді: шығындық (шықты), болынды (болды). Ол: „қазақ тілінде майланды, тазаланды, əдеміленді, сыланды, безенді, т.б. етістіктер өздік етіс мəнін де, ырықсыз етіс мəнін де береді,“деп жазады [22,250256].

 

тіліндегі материалдардың көрсеткеніндей сол заманнан келе жатқан грамматикалық мағына екені анық. Берілген зерттеу жұмыстарының нəтижесі ырықсыз етіс формаларының тарихи формант екендігіне ешбір күмəн туғызбайды. Сондықтан етістік секілді күрделі сөз табындағы етістің бұл түрі түркі тайпаларының тілінде қолданысты болған, өзінің функционалдық əрі грамматикалық мағынасын əлі күнге шейін жоғалтпай, тілімізде сақталған көне категорияның жұрнағы деп танылды.

Ескі қыпшақ тілінде де осы іспеттес жұрнақтар қолданылған: а) өздік етіс -ын//-ін//-ун//-үн; ə) ырықсыз етіс-л//-ыл//-іл//-ул//-үл; б) ортақ етісш//-ыш//-іш//-уш//-үш; в) өзгелік етіс-т//-тыр//-тір //тур//-түр, -дар//-дер//-дыр//-дір//-дур//-дүр, -қыр//-кір, -ғуз//-гүз, -ыр//-ір, -ур//-үр, -зыр//-зір [23,244].

Қорыта келгенде, ырықсыз етіс, өзгелік етіс тұлғаларының сөз түбіріне үмтейтін мəні қимыл иесінің белгісіз болуы ХІғ. жазылған ескерткіш

 Әдебиеттер: 

  1. Құрышжанұлы Ə. Махмуд Қашқаридың «Түркі тілдерінің сөздігінең келтірілген халық өлеңдерінен үзінділер мен аталы сөздер (транскрипциясы жəне көркем аудармасы) //Əлем, ІІ т. 1997.

  2. Кашғорий Махмуд. Туркий сузлар девони (“Девону лугоит турк”) Таржимон ва нашрга таерловчи С.Муталлибов. Тошкент, 1960. І т., 1963. ІІ т., 1961. ІІІ т.

  3. Древнетюркский словарь. Л., Наука. 1969.

  4. Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. А., 1951.

  5. Томанов М. Етіс формаларының дамуы. А., 1986.

Ашық сабақ. Қазақ тілі. Мемлекеттік тілді білу парыз
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Жігіттің жеті өнерінің бірі - аңшылық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу