Филология. Реферат. Көне түркі тілінде қолданылған көмекші есімдер

Oinet.kz 12-09-2020 762

Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде қолданылған көмекші есімдердің тұлғалары мен мағыналарын қазақ тілімен жəне кейбір түркі тілдерімен салыстырып, олардың ұқсас-ерекшеліктері көрсетіліп отырылады. Мысалы, қазіргі түркі тілдерінің ішінде оғыз тобына жататын түрік, түркімен тілдерінде өңү сөзі алды (алдында) көмекші есім ретінде жұмсалынады: түрік тілінде ... Ќâğldа sarili paketi önüne Koydum ‘... я положил перед собою пакет, завернутый в бумагу’. Түркімен тілінде: Эйваның өңүнде ишине көмүр атылып гойлан семавар эййəм гайнаярды ’Самовар на угольях, поставленный перед болконом, уже кипит’. Айнаның үч гүн мундан өн кесен дүйпһалысы гөзенегің өңүнде йазылгы йатырды [1, 334; 2, 505; 3, 429]. Ал якут тілінде осы мағынада “иннэ”, чуваш тілінде “уме” тұлғаларында қолданылады. Мысалы: Кач күлем пирен ял умепе Юхма пасарне килекенсем ирте пучлареч (Талвир) – к вечеру перед нашей деревней стали проходить люди, идущие на базар в Большое Батырево” [4, 320]. Якут тілінде: ити кэмнгə теплоход иннигэр моторкалар көһүннүлэр – `В это время перед теплоходом показалис моторки` [5, 411]. Яғни, алды сөзінің қазіргі түркі тілдерінің бірінде синонимі, бірінде фонемалық нұсқалары қолданылады жəне өңү сөзі заттың алдынғы жағының мағынасында келіп, кейбір түркі тілдерінде көмекшілік қызметте жұмсалады, кейбірінде зат есім ретінде қолданылады. Бұл негіз көне түркі тілінен қаланып, көне ұйғыр, орта ғасырда жалғасып, бүгінгі күнге жетіп отыр.

Сонымен көне түркі руникалық жазба ескерткіштерінде қолданылған он бір көмекші есім қазақ тілімен тұлғалық жəне мағыналық жағынан сəйкеседі. Енді оларға қысқаша жекежеке тоқталып, сипаттамасын берелік.

Ара: Көне түркі тілінде ара тұлғасында қолданылады. Қазіргі түркі тілдерінің көбінде ара (түркімен, якут, түрік, қ.татар, қ.балқар, қырғыз, ноғай, қ.қалпақ, татар, башқұрт, ұйғыр, хакас, тува т.б.) тұлғасында, ал өзбек тілінде ора формасында, чуваш тілінде «хуша» түрінде келеді. Мысалы: хāмасем хушшинче – между досок; хулапа ял хушшинче – между городом и деревней; тусем хушшинче – между горами [6, 122]. Көне түркі сөздігінде көмекші мағынада «послелог: между (чем–л), среди (чего-л)» деп берілгенмен, Күлтегін ескерткішінен алынған мысалы сəйкес келмейді [7, 50]. Ондағы мағынасы үстеу сөз екені анық. М.Қашқарида орта сөзінің мағынасында берілген [8, Іт. 117]. А.Н.Кононов “послелоги, управляющие основным ~ винительным падежом” деп, “среди” мағынасында алып, оның өзге де қолданыстарын ескерген [9, 201]. Сонымен ара сөзі көне түркі жазба ескерткіштерінде үстеу жəне көмекші есім мағыналарында Күлтегін, Тониқұқ, Құтлық қаған, Мойын Чор, Тариат, Ырық бітік жəне Енисей майда ескерткіштерінде кездеседі. Мысалы: Үзе көк теңрі асра йағыз йер қылынтуқда екін ара кісі оғлы қылынмыс (КТү.1) – Үсте көк тəңірі, аста (төменде) қара жер қылынғанда екеуінің арасында кісі баласы жаралған. Тониқұқ ескерткішіндегі дұрыс аударылмаған. Яғни, руникамен жазылған түпнұсқада, транскрипциясында беріледі, бірақ аударған кезде тұлғасы да мағынасы да сақталмаған. Сонымен бірге ара сөзінен кейінгі сөзді Н.Базылхан мен Қ.Сартқожаұлы iDU уды деп берсе, С.Малов iDB бады деп оқиды [10, 153; 11, 219; 12, 115]. Сөйлемді толығымен берсек былай: Тардуш шад ара уды йайдымыз (йаңдымыз) (ТҚ.41) – Тардуш шады екеуіміз (екеу ара) басқарып талқандадық – деп Қ.Сартқожа аударса, Н.Базылхан сөйлем соңындағы етістікті «йаңдымыз» деп беріп, “Тардуш шад арасы ұдайы (ұтыспен созыла) жеңдіміз” түрінде аударады. Ал С.Малов “Тардуш шад ара бады йайдымыз – Тардушский шад принял участие в сражении” деп, араласу сөзінің мағынасында береді. Мұндай аударма Ғ.Айдаровтың еңбегінде де орын алған. Кейде тіпті түпнұсқалар да əртүрлі болып келетіні бар. Бұл тек ара сөзіне ғана айтылған пікір емес, жалпы мəселе. Сонымен ара сөзі көбіне екін деген сан есім сөзімен тіркесіп келеді де көмекшілік қызметте болады. Мысалы: Өтүкен тегресі ел екін ара олурмыс (МЧ.2) – Өтүкен төңірегіндегі ел екеуінің арасында отырмыз. Бу табғачда йырайа бег оғуз ара йеті ерен болмыс (ҚҚ.5) – Бұл табғашта солтүстіктегі бек, оғыз арасынан жеті ерен болған. Келір ертіміз екін ара бег йағы болмыс (ҚҚ.Оа 2) – Келер едік, екеуінің арасында бек жау болған. Өтүкен елі екін ара Орхон үгүзде (ТТ.18) – Өтүкен елі Орхон өзені екеуінің арасында. Сол сияқты ерім, қамуш сөздерімен тіркесіп келеді: Ерім ара қуты (ХТ.4.1) – Ерлерім арасы құтты. Еснеген барс мен қамуш ара басым (ЫБ.10) – Есінеген барыспын, басым қамыс арасында. Бір сөйлемде ғана бусанч сөзімен тіркеседі. Мысалы: Ер бушушлығ теңрі булытлығ болты. Ара күн тоғмыш бусанч ара меңі келміш тір (ЫБ.52) – Ер (мұңлы) босаңлы, аспан бұлтты болды, (бұлт) арасынан күн шыққан; қайғы арасынан (қуаныш) мейірім келген дер. Майда Енисей ескерткіштерінде де кездеседі: Кіші арасы есід Қара сеңір елчіг (КБ.24) – Кісілердің арасында естіртіндер Қара сеңгир елші. Ердемін үкүм ел арада Кара канка барыпан (УБ.30) – Ел арасынан жəрдем үшін Қара ханға барып. Будун ара болмышын үчүн (Ч.15) – Халық арасында болғаным үшін. Мысалдардан байқағанымыздай көне мəтінде көбіне ара тұлғасында екін сөзімен тіркеседі жəне арасы, арада тұлғаларында келіп, будун, ел, қамуш, оғуз, ерім, бусанч сөздерімен тіркес құраған. Бұл дəуірде де ілік септігінде ашық жəне жасырын түрде зат есімдермен тіркесіп келеді. Зерттеу материалдары негізінде жиырмадан астам (20) қолданылған.

Башы: Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде баш тұлғасында қолданылып, Күлтегін, Тониқұқ, Мойын Чор, Тариат, Білге қаған жəне Ырық бітікте кездеседі. Қазіргі чұлым т. пашы, хакас т. пазы, алтай т. бажы, якут т. қазақ т. басы, чуваш т. пучы, өзбек т. боши, қырғыз, түрік, түркімен, гагауыз, ұйғыр, қарачай-балқар, татар, башқұрт, құмық тілдерінде башы түрінде келеді. Қазірігі түркі тілдерінің бəрінде көне түркі тілінен келе жатқан көмекші есім мағынасы жалғасын тауып, басқа да мағыналары қалыптасқан. Оған қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілгендері дəлел бола алады [13, 110]. Э.Севортянның сөздігінде түркі тілдеріндегі бірнеше мағыналары көрсетіліп, бас сөзінің этимологиясына қатысты моңғол (бас, басу – бросать, придавить), корей (маза – бить, разбивать), тұңғыс-манчжур (басала ~ басалла – пинать, лягать) тілдеріндегі етістік мағыналарымен де салыстырылады [14, 74]. М.Қашқарида бас сөзінің негізгі мағынасы ғана беріледі [8. ІІІт.211]. Көне түркі сөздігінде баш сөзінің тоғыз мағынасы қамтылып, көмекші есім қызметіне Ырық бітіктен мысал алынған [7, 86]. Орхон-Енисей ескерткіштерінің ішінде, əсіресе, Мойын Чор, Тариат, Білге қаған, Күлтегінде жиі ұшырасады. Мысалы: Шып башыңа тегі черіг еттім (МЧ.15) – Шып басына дейін шерік еттім. Кейре башы үч біркүде қан сүсі бірле қатылдым (МЧ.8,18) – Кейре басында Үш-Біркүде хан əскерімен кездестім. Ыдық башыда сүңүстім (БҚ.25) – Ыдық басында соғыстым. Үчінч Чуш башында сүңүшдім (БҚ.30) – Үшінші Чуш басында соғыстым. Шөңүз башынта – Шөңгүз басында. Ыдық башы – ұлық басында (ТТ.2). Күлтегінде алты рет қолданылған: Тамағ ыдуқ башыда сүңішдіміз (КТү.41)—Тамағ ыдық басында соғыстық. Йүз артуқ оқун урты йезек башына бір тегүрмеді (Ктү.33) – жүзден артық оқ атты дулығалы басына бір оқ тигізбеді. Төртінч Чуш башынта сүңішдіміз (Ктү.46) – Төртінші Чуш басында соғыстық. Өңрекі ер йоғару тегүрүп ыбар башы асдымыз (ТҚ.26) – алдыңғы ерлер (сарбаздар) жоғары өрлеп, Ыбар басынан астық. Ырық бітікте бір жерде ғана ұшырасты: бу ырқ башынта аз емгекі бар (ЫБ.57) – бұл ырық басында аздаған қиындығы болды. Сол сияқты титул атауында келеді: йүз башы, мың башы, буйрық башы т.б. болып жиі қолданылған. Сонымен бірге кейбір мəтіннің сөздері өшіріліп қалуына байланысты, Торғақ башы (ТТ.11) – торғақ басына, Тез басынта (ТТ. 1) – Тез басында тəрізді болып келеді. Бір Тариат ескерткішінде жиырмаға (20) жуық қолданылса, жалпы орхон-енисей ескерткіштері бойынша қырық шақты болады. Сонымен көне түркі тіліндегі башы сөзі жалқы жəне жалпы зат есімдермен тіркесіп, көмекші есім қызметінде көріне алады.

Орту: Көне түркі жазба ескерткіштерінде орту сөзі белсенділік танытпайды. Бұл сөз қазіргі хакас т. ортызы, тува т. ортузу, тофа т. ортусу, ойрат т., алтай т. ортозы, қырғыз т. ортосу, қарақалпақ, қазақ, ноғай, құмық, түрік, түркімен тілдерінде ортасы, башқұрт, татар т. уртасы, өзбек т. уртаси, чуваш т. вара тұлғаларында қолданылып жүр. Сонымен бірге көнемен салыстырғанда мағына жағынан да кеңейіп, қолданылуы жиіленген. Қалай дегенмен де көне түркі дəуіріндегі “орту” тұлғалы сөз, қазіргі тіліміздегі көп мағыналы “ортасы” сөзінің негізгі бастауы болып табылады. Қазіргі тілімізде, əсіресе сөзжасамдық жағынан біршама дамыған. Мысалы, орта бойлы, орта білім, орта мектеп, орта ғасыр, орта жол, орта бойлы т.б. Көне түркі тілінде мұндай сөзжасамдық қолданыстары көрінбеді. Көне түркі сөздігінде орту жəне отра тұлғалары көрсетілген жəне “послелог” деп алынған [7, 371-374]. Сонымен Орхон-Енисей ескерткіштерінде орту тұлғалы сөз Күлтегін, Тариат, Ырық бітікте ғана ұшырасты. Мысалы: Ілгерү күн тоғсыққа бергерү күн ортусыңа ру, қурыға ру күн батсықыңа йырға ру түн ортусуыңа ру анта ічрекі будун қоп маңа көрүр (КТк.2) – Ілгері күн шығысқа, берірек күн ортасына қарай, кері қарай күн батысқа, артқа қарай түн ортасына қарай соның ішіндегі халықтың көбі маған бағынды (қарады). Сол сияқты Улу йылқа Өтукен ортусыңда сүңүз бодуны ыдық баш қанынта йайладым [ТТ.2] – Ұлу жылы Өтүкен ортасында, Сүңүз халқының Ыдық бас ханында жайладым. Бұл ескерткіште Өтүкен сөзімен екі рет қана тіркеседі. Ырық бітікте де күн жəне түн сөздерімен келеді. Мысалы: Теглүк қулун еркек йонда еміг тілейүр күн орту йүтүрүк түн орту қанта негүде болғай ол тер (ЫБ.24) – Соқыр құлын еркек жылқыны емгісі келіп, күн ортасынан түн ортасына дейін қаншама рет əуреленер дер. Жалпы Орхон-Енисей ескерткіштер тілінде орту сөзі жеті рет кездесіп, Өтүкен, күн, түн тəрізді зат есім сөздермен ғана тіркес құрап, мезгілдік, мекендік мағыналарда көмекшілік қызмет атқарған.

Өңү: Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі өң сөзі алды (перед) сөзінің мағынасында жүрген. Жалпы алды тұлғасындағы көмекші есім кездеспеді. Тілімізде өң сөзінің синонимдері түсі, жүзі, беті, алды, əлпеті тəрізді болып келеді. Аздаған дыбыстық варианттарда қазіргі түрік, түркімен, қ.татар, якут т.б. тілдерінде қолданылады. Бірақ, өң сөзінің алды мағынасында келуі қазіргі түркі тілдерінің барлығында емес. А.Кононов: “өңре (< өң перед + -ра – афф. дательного-направительного п.) в ТРП используется крайне редко: служит для обозначение временных, пространственных отношений (до, раньше, прежде): ебі он күн өңре үркүп бармыш (МЧ.31) – Его семейство за десеть дней (до вторжения вражеского войска) в страхе покинуло (родные места)» деп үстеулік қызметін түсіндіреді [9, 204]. Бұл жерде «он күн бұрын» мағынасындағы өңре сөзі септеулік шылау. В.Кондратьевтің еңбегінен Манихей жазба ескерткішінде «өң» сөзінің алды көмекші есім мағынасында болатындығын білеміз жəне алды сөзінің мағынасында “үск” тұлғасының болатындығын сөз етеді. Мысалы: Тэгин ол ач барс үскинтə суна йатты: “Принц, растянувшись, лег перед той голодной тигрицей” [15, 130]. Автордың бұл негізі көне түркі руникалық жазба ескерткіштеріне қатысты емес. Өйткені, ондай форма кездеспеді. Көне түркі сөздігінде өң сөзінің “1. перед. 2. восток. 3. начало. 4. грудь. лицевая сторона. 6. верх. 7. пустыня. 8. в функций послелога: впереди, перед.” деген сегіз мағынасы жинақталған [7, 534]. Сол сияқты чуваш тіліндегі «ум» сөзімен, монғол тіліндегі “өміне, емүне” тұлғаларымен жəне ең~өң формасымен де үйлестірілген. ҚТС-інде өң сөзінің бірнеше мағынасын бергенімен, көмекші есім мағынасына мысал-дəлел келтірілмеген [13, 655]. Түркімен сөздігінде: “өң 1. перед. передняя часть чего-либо; // передний: җайың өңи `фасад дома`; өң тарап – передняя сторона чего-либо; 2. раньше, прежде, вначале, сперва, давно; 3. начало; 4. тагтаның өңүне гечмек –

пройти к доске: мекдебиң өңүне гүл экмек – посадить розы перед школой“ т.б. жəне алнын тұлғалы сөздің “алнына гечип отурмак” деп жұмсалатындығына түсініктеме мен дəлелдемелері берілген [16, 43-504]. Яғни, қазіргі кейбір түркі тілдерінде алды (перед, впереди) сөзімен синоним ретінде қатарласа қолданылса, енді бірінде тек қана алды сөзі ғана жүреді. Алтай дəуірінен туыстасатын монғол тілінде өң тұлғасы “оң, жайлы, жылы; өң, түр түс; нəрсенің үсті, беті, өң беті тысы” жəне «өмнө – перед, впереди» мағыналарында болады [17, 388; 18, 157].

Орхон жазбаларында өңре сөзі Тониқұқ, Мойын Чор, Құтлық қаған, Тариат, Ырық бітікте кездеседі. Жалпы жазба ескерткіштеріндегі кеңістік атаулары, мəселен: тоғсық (шығыс) – алды, ілгері, өңре сөздерінің мағынасында болса, батсық (теріскей, батыс) – артқы, қурығару, кісре, кедін, кед сөздерінің орнына жүреді немесе қатар қолданылады (КТк. 2,4; ТҚ.10, 11, 14, 17; ТТ. 3; ҚҚ. 2 т.б.). Сонымен

бірге мекен үстеу мағынасында болады. Мысалы: өзлүк ат өң йерде (ЫБ.17) – өзінің аты алдыңғы жерде. Өзімін өңре быңа башы ыты кейреде өңдін йантачы (МЧ.6) – өзімді алдына мың басы жіберді. Кейреде алдынан қайттым. Өтүкен қузы кедін учы Тез башы өңдені қунчуй күн ай ... қағанғы ебгерү учы алтын йыш кедін учы көгмен ілгерү учы үкүлті (ТТ.5) – Өтүкен құзынан кейінгі ұшы Тез басы алдынан ханшайым күн ай... Соңғы сөйлем өшіріліп қалуына байланысты тиянақсыз болғанмен, көмекші есім қызметте тұрғаны байқалады. Яғни, Тез басшының алдынан ханшайым сұлу (шықты) деген мағынада болу керек. Əрине, кейбір сөйлемдер осылай аяқсыз қалатындықтан толық талдау мүмкіншілігі жоқ. Сонымен Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде өңре сөзі, алды, ілкі, бұрын, ерте мағынасында жəне тоғсық (шығыс) сөзінің алдында келіп алдыңғы жақты, мекенді білдіретін үстеу, септеулік шылау қызметінде болады жəне көмекші есім қызметінде көріне бастаған. Ал оның көмекші есім мағынасында жұмсалуы көне ұйғыр, манихей жазбаларында активтенген.

Үзе: Көне түркі мəтінінде көмекші есімдердің ішінен ең белсендісі үзе формасы болып табылады. Ескерткіштердің ішінде сөздері көп өшірілген Күлі Чорда кездеспеді. Қалған ескерткіштердің барлығында əртүрлі мағынада қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінде оның тұлғасы мынадай болып келеді: қазақ т. үсті; қарақалпақ т. юсти; ноғай, алтай, ұйғыр т. үсти; татар т. өсте; башқұрт т. өшкө; қарайым, құмық, түркімен, азербайжан, түрік, хакас, тува, тофа, ойрат, қырғыз тілдерінде үстү; якут т. үрүт; өзбек т. усти; чуваш т. чуне. Бірақ, үсті тұлғалы сөздің мағынасы барлық түркі тілдерінде бірдей емес, себебі жоғарғы жоқтың мағынасында үсті сөзінің төбесі, жоғары, басы тəрізді синонимдері бар. Сондықтан олар жекелеген түркі тілдерінде əртүрлі қолданылады. Сонымен үзе тұлғасында көне түркі руника жазба ескерткіштерінде 40-қа жуық кездеседі. Алайда, ҚТС-інде берілгендей дəрежеде көріне алмайды [13, 874]. Ал КТС-інде көрсетілген мағыналары толық сəйкеседі [7, 628]. Мысалы: Ол төрүде үзе ечім қаған олурты (КТү.16) – ол төрдің үстіне ағам қаған отырды. Өзім тардуш будун үзе шад ертім (КТү.17) – өзім Тардуш халқы үстіне шад едім. Йабыз йаблақ будунта үзе олуртым (Ктү.28) – Жаман нашар халықтың үстіне отырдым. Мұнда төрүде, будунта жатыс септік тұлғада болғанымен, мағына жағынан келгенде ілік септігінің орнына жүре береді. Тониқұқта ілік септігі жасырын түрде келген зат есімдермен тіркеседі: Тоғуз оғуз будун үзе қаған олурты (ТҚ.9) – Тоғыз оғыз халқы үстіне қаған отырды. Алтын йыш үзе қабысмалым теміс (ТҚ.20) – Алтын қойнауының үстінде қабысалық (бірігелік) – деді. Ат үзе бінтүре қарығ сөкдім (ТҚ.28) – ат үстіне тұрып қарды аршыдым. Осы сияқты Мойын Чорда оғуз үзе (МЧ.3) – Оғыз үстіне жəне Ырық бітікте: өргүн үзе (1) – тақ үстіне; арт үзе (6) – асу үстінде; тағ үзе, йыш үзе (17) – тау үстіне, қойнау үстіне; бедіз тізе үзе (60) – əдемі тізе үстінде, тоғрақ үзе (64) – теректің үстіне болып біршама қолданылған. Сонымен бірге қазіргі тіліміздегі «жер жүзі» мағынасындағы тұрақты тіркесте көрінеді. Мысалы: қамуғ үзе (ЫБ. 53, 26) – жер жүзіне, жер бетіне (билік еттім). Көне мəтіндегі үстеу мағынасы

«асра» сөзі сияқты болып келеді. Мысалы: Үзе көк теңрі асра йағыз йер қылынтуқда екін ара кісі оғлы қылынмыс (КТү-1) – Үсте көк тəңірі, астында қара жер жаралғанда екеуінің арасында адам баласы, жаралған. Үзе туман турды асра тоз турды (ЫБ.15) – Көкте тұман тұрды, (төменде) астында шаң тұрды. Сонымен ОрхонЕнисей ескерткіштеріндегі үзе сөзі үстеу жəне көмекші есім мағыналарында келеді.

Ічі: Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі іч тұлғасы, қазіргі түркі тілдерінде əртүрлі дыбыстық нұсқаларда жəне бірнеше мағыналарда қалыптасып қолданылған. Мысалы: қазақ т. іші, қарақалпақ, чұлым, ноғай, тува т. иши, қарашайбалқар, құмық, өзбек, ұйғыр, түрік, түркімен, гагауыз, алтай, қарайым, қырғыз тілдерінде ичи, татар т. эче, башқұрт т. эсе, чуваш т. аше, азербайжан т. ичрэ, якут т. исе, хакас т. істі тəрізді болып келеді. Көне түркі тілінде ічре сөзі белсенді емес, бар-жоғы он шақты кездеседі. Ічре үстеу мағынасында болатындығы жайлы


    • тік бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер: башы, өңү, үзе, алты.

    • көлемдік кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер: ара, орту, ічі, тушы.

пікірлер жеткілікт. КТС-інде “іч” сөзін “после-

лог” деп береді. Мысалы: Бен өлтүм түргіш ел ічінте “я умер внутри тюргешского государства (Е.37). Талуй ічінте йоқадты “они погибли в океане (КР 53). Өтрү тегін балық ічіне кірті – затем принц вошел в город (КБ.4) т.б. [7, 201]. Мұнда бірінші сөйлем дұрыс аударылмаған. Бұл жерде Түргеш елінде өлгені жайлы айтылған. Яғни, «внутри» сөзінің орнына «в» предлогын қойса, мағына сəйкеседі. Бұл сөйлемді В.Кондратьев дұрыс берген [15, 129]. Сонымен Ырық бітік, Күлтегін, Мойын Чор мəтіндерінде көмекшілік қызметте болады. Мысалы: Қанлығ сүсі абқа үнміш сағыр ічре елік киік кірміш (ЫБ-63) – Ханның əскері аңға шыққан, қора ішіне елік-киіктер кірген. Керекү ічіне тегі ол түгүнүкі не тег... (ЫБ-18) – Кереге ішіне дейін нендей түтін ол. Қырқыз қаны көгмен ічінте (МЧ.23) – Қырғыз ханы Көгмен ішінде. Анта ічрекі будун қоп маңа көрүр (КТк.2) – Соның ішіндегі халықтың көбі маған бағынды. Жалпы басқа сөйлемдерде де ічре, ічрекі жəне қос сөз тұлғаларында келіп, негізгі мағыналарында көріне алады. Мысалы: ічін ташын адынчығ бедіз уртуртым (КТк.12) – іші-сыртын айрықша өрнектеттім. Сонымен көмекші есім мағынасында Көгмен, ел, балық, анта, керекү, сағыр сөздерімен тіркесіп келеді.

Сонымен Орхон-Енисей жазба мəтіндерде ара, алтын, башы, қоды, орту, үзе, ічі, учы, тегіре, өңі, тушы тұлғалы көмекші есімдер қолданылған. Олардың барлығын бір мақаланың көлемінде алып қарау мақсат етілмейді. Қалғанын кейінгі мақалада беретін боламыз жəне көне, орта, қазіргі түркі тілдеріндегі тұлғалық нұсқаларының статистикалық сəйкестіктерін де көрсетеміз. Жалпы көне түркі тіліндегі көмекші есімдерді білдіретін мағынасына қарай үш кеңістік бағытта жинақтап беруге болады: көлденең бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер: қоды, учы, тегіре.

 Әдебиеттер:

  1. Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. Изд-во АН СССР. М.-Л., 1956.-384 с.

  2. TÜRKMEN DILINIÑ GRAMMATIKASY. Morfologiÿa. M.Söÿegowyñ umumy redaksiÿasy bilen. A.: “Рух”, 2000. -608 сах.

  3. Грамматика туркменского языка. Фонетика и морфология. Ашхабад: Ылым, 1970. -503с.

  4. Оразов М. Көмекші сөздер. І кітап. Ташкент: Наурыз, 1997. -175 б.

  5. Грамматика современного якутского литературного языка. М.: Изд-во Наука, 1982. -496 с.

  6. Резюков Н.А. Очерки сравнительной грамматики русского и чувашкого языков. Чебоксары, 1954. -200 с.

  7. Древнетюркский словарь. Л.: Наука. АН СССР, иност. языкознания. 1969. -676 с.

  8. Егеубай А.Қ. М.Қашқари Диуани лұғат-ит түрк. -Алматы: Хант, 1997-1998. І-ІІІ том.

  9. Кононов А. Грамматика языка тюркских рунических памятников VII-IX вв. Л.: Наука, 1980. -225 с.

  10. Қаржаубай С. Орхон мұралары. 1 кітап. Астана: Күлтегін баспасы, 2003. -392 б.

  11. Базылхан Н. Көне түрік бітіктастары. Мəдени мұра мелекеттік бағдарламасы “Шығыстану” секциясы. ІІ том. Алматы, 2005. -322 б.

  12. Орхонские надписи. Кюль-тегин. Бильге-каган. Тоньюкук. Семей, 2001. -256 с.

  13. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы: ДайкПресс, 2008. -968 б.

  14. Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М.: Изд-во Наука, 1978. -350 с.; 1974. -767 с.

  15. Кондратьев В.Г. Грамматический строй языка памятников древнетюркской письменности VІІІ-XІ вв. –Л.: Изд-во ЛГУ, 1981.-190с.

  16. Туркменско-русский словарь. М.: Изд-во “Советская энциклопедия”, 1968. -852 с.

  17. Базылхан Б. Моңғолша-қазақша сөздік. Улаанбаатар-Өлгий, 1987. -885 б.

  18. Тодаева Б.Х. Грамматика современного монгольского языка. М.: Изд-во АН ССР, 1951. -158 с.

Филология. Реферат. Күрделі сөз: жасалу жолдары мен қалыптасуы
Филология. Реферат. Парадокстың лексикалық семантикалық қыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу