Қазақ тілі: Сөз таптары. Атауыш, көмекші және одағай сөздер

Oinet.kz 14-09-2020 1179

Сөз табы  лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сөздер тобы. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.

 

Сөзді топтастыру принципі үш түрлі болады: 1) лексикалық-семантикалық сипаты; 2) синтаксистік қызметі; 3) морфологиялық белгісі.

 

Сөз таптарының лексика-семантикалық сипатыӘр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Мысалы, зат есім заттың атын: адам, мектеп, табиғат; сын есім заттың сынын: жақсы, биік, қара, таза, үлкен; сан есім заттың санын: үш, жеті, елу, мың; етістік істің қимылын: бару, келу, айт білдіреді. Бұл тұжырымдар сөзді лексика-семантикалық жағынан сипаттайды.

 

Сөз таптарының синтаксистік қызметі. Әр сөз табы белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Сөз таптарының сөйлемдегі бұл функциясы синтаксистік қызметі деп аталады.

 

Сөз таптарының морфологиялық белгісі әр сөз табының сөз тудыру тәсілі мен түрленуінеграмматикалық ерекшелігіне қатысты болады.

 

Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай үш үлкен топқа бөлінеді.

 

Сөз түрлері
АтауышКөмекші сөздерОдағай сөздер

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Үстеу

Еліктеу

Есімдік

Көмекші есім

Көмекші етістік

Шылау

 

 

 

 

Одағай

 

 

 

 

 

 

 

Атауыш сөздер  лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар, басқа сөздермен байланыса алатын дербес сөздер.

 

Көмекші сөздер  лексикалық мағынасы жоқ, көбінесе грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.

 

Одағай сөздер  адамның көңіл күйі мен сезімін білдіру үшін қолданылатын сөздер.

 

Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

 

Мысалы, кім? – ана, ақын, етікші, жазушы, елші, оқушы, аспаз, кәсіпкер, зейнеткер, арбакеш, ұстаз, ақылгөй, жәрдемші, т.б.

Не? – ауыл, қағаз, жылқы, перде, теледидар, қарындаш, нөсер, нәтиже, өзен, жапырақ, торғай, кітап, дәптер, т.б.

Кімдер? – балалар, спортшылар, жүлдегерлер, әншілер, немерелер, аналар, орманшылар, ақсақалдар, әжелер, оқушылар, т.б.

Нелер? – журналдар, көгершіндер, орындықтар, бүркіттер, жылқылар, көлдер, таулар, дәптерлер, қаламдар, гүлдер, көліктер, т.б.

 

 

 

Туынды зат есімнің жасалуы

Есім сөздерден

 

Етістіктен

 

Еліктеу сөздер

 

Аңшы, жұлдызшы, сынықшы,

әңгімеші, егінші, тергеуші,

адамшылық, аңшылық,

таршылық, молшылық,

суретшілік, күйшілік,

балалық, кішілік,

достық, әділдік,

талапкер, жүлдегер,

дәмхана, еңбекқор,

өнерпаз, әуесқой,

арбакеш, Қазақстан

 

Алым, бөлім

Сүзбе, кеспе

Бұрғы, сүзгі

Айтыс, тартыс

Тарақ, күрек

Сүйеніш, қуаныш

Боран, түйін

Көсеу, бұрау

Үйінді, шайынды

Сорғыш, көргіш

Түйреуіш, сылауыш

 

Тарсыл

гүрсіл

шуыл

дүңкіл

уһіл

арсыл

 

 

Күрделі зат есімнің жасалуы

Бірігу арқылы

Қосарлану арқылы

Тіркесу арқылы

Қысқару арқылы

 

Темірқазық

Түйетабан

Көкшетау

Еңбеккүн

Көрпе-жастық

Жігіт-желең

Ата-ана

Дәрі-дәрмек

Абай даңғылы

Тау сілемі

Алма шырыны

Қамар сұлу

Ұжымшар

БҰҰ

Пединститут

Медбике

 

Зат есім түрленеді, яғни септеледі, көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді.

Зат есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – бастауыш пен толықтауыш, алайда зат есім түрленіп келіп, барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.

 

Балықшылар теңізге қарай бет алды. Балықшылар – кімдер? – бастауыш. Тілекке әкесінің сөзі көп ой салдыТілекке – кімге? – толықтауыш, әкесінің – кімнің? – анықтауыш, сөзі – несі? – бастауыш. Елдос Астанадан Алматыға ұшақпен ұшып келді. Астанадан – қайдан? – пысықтауыш, Алматыға – қайда? – пысықтауыш, ұшақпен – немен? – толықтауыш. Адам бойындағы асыл қасиет – адамгершілік.

 

Адамгершілік зат есімі сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап баяндауыш қызметін атқарып тұр. Зат есім жіктеліп келіп те сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы, Бар қазақтың Абайы.

 

Қазақ тілінде жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтын, алдындағы есім сөзге көмекшілік қызмет атқаратын сөздер де кездеседі. Ондай сөздер көмекші есімдер деп аталады. Көмекші есімдер зат есіммен ілік септігі арқылы байланысады, яғни зат есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы, қаланың сырты, жердің асты, үстелдің үсті, мектептің алды, дүкеннің қасы, үйдің жаны, ауылдың маңы, ыдыстың тү(п)бі, көшенің арасы, бөлменің іші.

 

Көмекші есімдер зат есім сияқты түрленіп қолданылады. Мысалы, Ауылдың жанында бір қора мал жайылып жүр. Ауылдың жанында – қайда? – пысықтауыш.

Қазақ тілі. Дыбыс үндестігі және оның түрлері
Қазақ тілі: Сын есім және оның түрлері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу