Достық туралы тақпақтар

Oinet.kz 02-08-2019 37798

friends_1524145280.jpg

Дос болам десең,

Досымды сыйла, қымбаттым!

Досыңа сонда,

Досыммен ғана қымбатпын

Дос болам десең,

Мендегі доспен достасқын,

Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын

Достарың көп пе?

Апырау неткен жақсы едің?

Досым аз менің…

Досым-ау менің, тапшы емін?

Достарыңменен достастыр мені, асылым

Достастыр мені?

Болайын құлың нақ сенің!

Достыққа жүрмін,

Достыққа жүрмін құмартып!

Өлгелі жүрмін,

Өзіме-өзім мін артып…

Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,

Достардың барып, ауласында өлген мың артық*

...

Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей,

Досыңа қосылғанда дем бергендей,-

Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке.

Тұйғынға қапастағы жем бергендей,

...

Жүрегі жұмсақ білген құл,

Шын дос таппай тыншымас.

Пайда, мақтан бәрі тұл,

Доссыз ауыз тұщымас

...

Көзіңнен   сенің   айқын   сыр  көремін,

Қайғыны,  қуанышты  бір  көремін.

Досым  -  ау,  Алла  қосқан  ақ  ниетпен,

Сенімен  бірге  жүріп, бірге  өлемін

...

Адал  дос  барлық   жерде  керек  екен,

Өмірде   достың  орны  бөлек  екен.

Жақсы  дос  жадыратса,  жан  дүниеңді,

Жаман  достан  жамандық  келеді екен.

...

Досым, досым айналайын күлкіннен!

Қымбаттысың аспандағы ай, күннен.

Сен қуансан, қуанамын мен бірге,

Жыласанда,мұнайсанда.

Жұбатармын өмірде.


Бұл өмірде жыламашы сен бір ақ.

Жүре бергің, өмір бойы жарқырап.

Өмір баки достар болып өтейік.

Әр қашанда сыйластықпен жүрейік

...

Мен досымнан қорықпаймын ары кетсе сатар,

Мен дұшпанымнан қорықпаймын ары кетсе атар

Менің қорқатыным қуанышыма қуанбайтын,

Қиын сәттерде қасыңнан табылмайтын достардан қорқамын

...

Достық туралы

Достар! Достар! Мен сендерге қостым үн,

Сендер барда жоқ қой менің еш мұңым.

Достық болып оралады өзіме,

Өздеріңе жасап жүрген достығым.


Болсадағы қазан басқа, от басқа,

Жарасады жүрісіміз топтасқан.

Бәріміздің мұңаяды жүзіміз,

Бірімздің көңіліміз «тоттанса».


Болсын аулақ тоттану мен мұңдану,

Одан да біз достық жырын тыңдалық.

Жүрегіміз ақ таңменен апталсын,

Қалсын шетте қап-қара боп түн налып.


«Есепті дос айырылмайды» дегенге,

Мақал ғой деп, бір айтыспай көнем бе?

Тек достықтан қуат алып тұрғандай,

Ып-ыстық қан жүйткіп жүрген денемде.


Достық деген өлшенбейді безбенмен,

Қасиетін ұга алмайды кез келген.

Достық деген Қыз Жібектей ару ғой,

Төлегенге семсер ұстап, сөз берген!

...

Жан дос деген адал болып келеді,

Жүрегіңе дос болып тұрып енеді.

Кориспесек сагыныштан жүдейтін

Кім бар жакын бала кунгі досыңнан


Досым менің бәйшешектей гул шашқан

Досым менің актарылып сыр ашқан

Досым менің ажыраспай көп жылдар

Қос өзендей катарласып бірге аққан


Тусіне білген адамга достық қымбат

Бірге ойнап кулген жастық қымбат

Ал егер досы жоқ адам болса

Ол адамга өмірдің несі қымбат


Досым,саган сенемін,сеніп өтем,

Жолы бөтен демейін,жөні бөтен

Достық деген -адамның көрігі екен,

Достық деген- адалдың серігі екен


Өмір деген өсіп тұрған гүл емес пе,

Сол өмірдің нағыз гүлі біз емес пе

Әрбір жан ДОСТАРЫМЕН бірге болса,

Өмірдің ең қызығы сол емес пе!


Не қымбат достар қымбат бірге өскен

Татулық тəттілікпен қадірлескен

Бір кезде көзін түссе осы бетке

Айтарсын достар едік бірге өскен

...                              

Ғажап қой мына өмірде дос дегенің,

Көбейгенін досымның қош көремін.

Көрген жанға жылы қабақ танытсам,

Әр баласын қазақтың дос көремін.


Достарыммен әрқашан мақтанамын,

Өздеріңмен өмірден бақ табамын.

Ұлы ұғым болса-дағы үш әріп,

Солар менің байлығым мен аппақ арым.


Құдай сүйген жасамайтын күнәлар,

Достарым бар бір мен үшін тым адал.

Мен қайғырсам менімен бірге қайғырып,

Мен қуансам, шын жүректен қуанар.


Жүрегімнің жыр бағынан жыр үзіп,

Достық жайлы өлең жаздым бір үзік.

Жүрген досқа жаныңдағы не жетсін,

Жүрегіңді жүрегіңмен түсініп.

...

Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген — адамның көрігі екен,

Достық деген адалдың серігі екен.


Балдырған баламыз , досты көп табамыз

Қашан да, қайда да, достар бір-біріне сенімді боламыз!

Достар бірге жүреміз, бірге ойнаймыз,күлеміз.

Бірге балық аулаймыз міне,біздер қандаймыз!


Достық деген алты әріптен құралған!

Достық деген бар арман

Доссыз болу,бұл жаман

Досың болса ,бар бақыт!

...

Қиналғанда қасынан,

Табылатын шын достық,

Ешкімге сырды айтпаса,

Әрине ол шын достық.

Қуанышты қайғымен,

Бөлісетін адам бар,

Қасындағы досында,

Мәңгілікке табылар,

Қуанғанда сенімен,

Бөлісетін досын бар,

Мұнайғанда тағы да,

Қолдаушың досын бар.

...

Достық біздің әніміз,

Достық біздің сәніміз.

Аққуды атпайық,

Достықты сатпайық.

Досым екеуміз сабаққа барайық,

Досым екеуміз сабақтан қайтайық.

Досым екеуміз оқуды бітіріп,

Айрылмас дос болайық.

...

Көз екеу, қас екеу,

Екеу және аяқ та.

Қол екеу, құлақ екеу,

Жүрек жалғыз бірақ та.

Сол жүрекпен достықты,

Мәңгі адал, шын сақта!

...

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту қып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер.

...


Достық керек өмірде,

Ашық сырлы көңілде.

Дос жолдасың болмаса,

Өмір сүру жеңіл ме?


...


Достық деген таусылмайтын қазына,

Көктемде де солып қалар гүл емес,

Қарамайды ол сыйдың көп пен азына

Нағыз достар тіпті сый да тілемес.

...

Екі деген – екі дос,

Бірін - бірі қимайтын

Артық кемді етпей сөз,

Бірін - бірі сыйлайтын

Досыңа бол адал жан,

Бірдей бөліс сынақты

Бір нүктеге қадалған,

Екі көзің сияқты.

...

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне біздер қандаймыз.

Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашан да біргеміз.

...

Достарымды сүйемін бірге жүрген,

Бірге ойнап, менімен бірге күлген.

Достар деген жаныңның бір бөлшегі

Орын алған жүректің бір түбінен.

...

Нағыз достар бір - біріне ұнаған.

Қиындықта бірін - бірі сынаған.

Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,

Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

...

Досы үшін дос көнеді бейнетке,

Дос деген сөз ең қадірлі жер - көкте,

Жақсылардың айрылмас досы көп.

Қолын берген қиыншылық кездессе.

Отбасы туралы тақпақтар (балабақша)
Бауыржан Момышұлы жазбасынан үзінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу