Ішіне жын кіріп, анасын өлтірген қыз

Oinet.kz 17-06-2022 1260

Оқу жылы басталғанда біздің сыныпқа бір қыз келді. Ол кезде мен сегізінші класта оқитынмын. Ол қыз кластағы балалардан оқшау жүретін тұйық еді. Ешкіммен сөйлеспейді. Екеуміздің үйіміз бір жақта болған соң мектептен бірге қайтамыз. Бірдене сұрасаң «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап қататын. Үндемейтін болған соң ба, кластас балалар тиісе беретін. Ондай кезде мен үнемі араша түсіп, тиіскен балалармен ұрысып қалатынмын. Сондықтан ба, арадан біршама уақыт өткенде ол менімен сөйлесе бастады.

Screenshot_11.jpg

Айтуына қарағанда, ол бұрын басқа қалада тұрған. Қазіргі уақытта ешкімі жоқ жетім көрінеді. Әке-шешесі қайтыс болыпты. Жалғыз ағасы «әке-шешесін өлтірді» деп айыпталып, өлім жазасына кесілген екен. Жалғыз қалған соң осында тұратын алыс туысы қолына алыпты.

Уақыт өте Кейси екеуміз жақын құрбы болып кеттік. Құпияларымызды, сырларымызды айтып, ойымызды ортаға салып жүрдік. Бірде мен одан ағасы неліктен әке-шешесін өлтіргенін сұрадым. Кейсидің айтуынша, таңертең тұрғанда әке-шешесі өз төсектерінде қан-жоса болып жатқан көрінеді. Полицияны да өздері шақырған. Тексеру жүргізген полиция есік-терезенің бұзылмағанын, үйге сырттан ешкім кірмегенін айтыпты. Тексеру барысында ас бөлмеден сараптамаға алынған пышақтардың бірінен ағасының саусақ іздері табылыпты. Сонан ағасы тұтқындалады. Қорғаушы «оның есі дұрыс емес» деп аман алып қалмақ болады. Бірақ дәрігерлік сараптама «есі дұрыс» деген анықтама береді. Сот ағасын өлім жазасына кеседі. Өлім жазасы орындалғанда Кейси қатысқан көрінеді. Айтуынша, адамды өлтіретін инъекция салар алдында ол ағасынан «әке-шешемізді неліктен өлтірдің?» деп сұрапты. Бірақ ағасы бір ауыз тіл қатпай, тек оның көзіне тесіле қараған бойда көз жұмған екен.

Сол жағдайдан кейін Кейси жынданып кете жаздапты. Бірнеше күн тамақ ішпей жатқан көрінеді. Күніне бір-екі сағаттан артық ұйықтай алмай жүріпті. Уақыт өте бәріне де көндіккен көрінеді. Бірде Кейси меннен «адам неліктен әке шешесін өлтіруі мүмкін?» деп сұрады. Мен білмеймін деп жауап бердім. «Егер қаласаң экстрасенске барып көрейік. Ол өлген кісілердің аруағымен тілдеседі екен. Бәлкім сол бірдеңе айтар» дедім. Кейси келісті. Келесі күні сабақтан шыққан соң екеуміз экстрасенске бардық. Экстрасенс Кейсиді өзіне қарсы тұрған орындыққа отырғызды да, бөлменің шамын сөндіріп, стол үстінде тұрған майшамды жақты. Сосын өзі стол басындағы креслоға жайғасып, көзін жұмып, шалқалай отырды. Арада бірнеше минут өткенде көзін ашпастан Кейсиге «қалаған сұрағыңды қой» деді.

- Ағам неге ақыл-есінен адасты?

- Ол ақыл есінен адасқан жоқ. Оның ақыл-есі дұрыс.

- Олай болса ол неге әке-шешемізді өлтірді?

- Ағаң бір кісінің ғана өліміне себепші.

Сол сөзден кейін Кейси бетін басып айғайлап жылап далаға шығып кетті.

Мен Кейсидің соңынан шықпақшы болып орнымнан тұрып едім экстрасенс «тоқтай тұр» деді.

- Ол сенің кімің болады?

- Жақын құрбым.

- Оның әке-шешесін кім өлтіргенін білгің келе ме?

- Ия.

- Ол анасын, ағасы әкесін өлтірген.

- Қалай?...

- Ішіне жын кіріп, ол ағасын әкесін өлтіруге көндіріп, өзі анасын өлтірген.

- Ол өзінің бұл ісін қазір ғана түсінді. Сен одан сақ бол – деді.

Мен далаға шыққанда Кейси жоқ екен. Әрі-бірі қарап едім көрінбеді. Экстрасенстің айтқанына сенер сенбесімді білмей, үйге еңсең түсіп оралдым. Кейсиге алаңдап, үйіне телефон соқтым. Ол үйінде екен, бірақ телефонға келмеді.

Кейси ертеңінде мектепке де келмеді. Оның неліктен мектепке бармағанын сұайын деп кешке қарай үйіне телефон соқтым. Үйіндегілер Кейсидің таңертең ерте тұрып, белгісіз жаққа кетіп қалғанын айтты. Одан кейін Кейсиді көргем жоқ.

(Мақала орыс тілінен аударылған)

Дуаның кесірінен отбасымыз быт-шыт болды
Лупаның ажалы шайтаннан болыпты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу