Ванга ІІІ дүниежүзілік соғыс қашан басталып, қалай аяқталатынын айтқан

Oinet.kz 14-11-2022 2142

Әлемге әйгілі көріпкел Ванганың осыдан көп жыл бұрын айтқан болжамы бүгінде орындалып жатқандай.  Ол ІІІ дүниежүзілік соғыстың неден басталып, қашан аяқталатынын да болжап кеткен екен, - деп хабарлайды Аikyn.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

Сол кездің өзінде көріпкел әскери стратегияның үлкен өзгерістерге ұшырайтынын жеткізген.

Оның айтуынша, адамдар бір-біріне қатардағы суық қаруды қолданбайды. Тіпті, атом бомбасының өзі маңызды болмай қалады екен. Өйткені жау аумағында құрылған инфрақұрылым мен табиғатты жоюдың қажеті жоқ. Себебі, дүниені сол қалпында қалдырса да, түбінде бәрі жойылады. Үшінші дүниежүзілік соғыс осылай басталатынын айтқан.

«Мәселе, суық қаруда емес, климаттық қаруда. Климаттың апат салдарынан бүкіл Еуропа елі жойылады. Көп адам қырылып, тірі жан қалмайды", – деген екен Ванга.

Ванга осылай болатынын 20 жыл бұрын білген. Оның айтуынша, бұл соғысты тек мейірім жеңеді.

«Адамдар роботқа айналады. Ана баласын жақсы көрмейді, ерлі-зайыптылар бір тиынға бола бір-бірімен жанжалдасады. Күйбең тірлікке салынған адам баласы қарапайым қуанышты сезінуден қалады. Есіл-дерті ақша болады. Сөйтіп, адамзат жан-дүниесін рухани байытуды ұмытады. Ал ол – адамзаттың жойылуының жолы. Сондықтан жеңістің көзі өзімізде, өмірдің мәні мейірім мен адамгершіліктен тұратынын ұмытпайық. Өмірдің әр сәтіне қуанып, өзгенің қуанышын да бөлісе білейік», – дейді Ванга.

Үш жасар көріпкел
Жағажайдағы жұмбақ қыз зәремізді ұшырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу