Бердібек Соқпақбаев. Жары Бәшеннің естелігінен

Oinet.kz 09-12-2019 4690

Бердібектің "Қайдасың, ГауҺар?" атты повесі бар. Бердібек менімен ажырасып, басын тауға да, тасқа да ұрып жүргенде осы шығармасын жазды. 

image.png

Бір күні кітапханаға барсам, Бердібектің "Қайдасың, Гауһар?" деген кітабы сатылып жатыр екен. Басында кітап мен туралы екенін білген жоқпын. Зейін қойып оқып шықсам, басымыздан өткен оқиғалардың барлығы, тұрған үйіміздің мекен-жайына дейін сол қалпында беріліпті. Әрине, көркем шығарма болғандықтан, кей тұстарына өзгерістер енгізген. Дегенмен шығарма біз туралы екендігіне шүбә жоқ.

Бердібек екеуіміздің арамызға сызат түсіп, дәм-тұзымыз жараспады. Бірақ, ажырассақ та Бердібек бізді өте жақсы көрді. Бердібек қайта қосылуымызды қалады. Бірақ мен көнбей қойдым. Кейін ол екінші әйел алып, үй болып кетті. Өмірде сәтсіздіктер көп болады. Соған төтеп беруге, тағдырдың тәлкегінен морт сынбауға тырыстым…

Әсет Ақмолданың әлеуметтік парақшасынан алынды

Есенқұл Жақыпбеков: «Жұматайдан асқан ақынды көрмеппін»
Аузы дуалы. Сөзі уәлі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу