Жеті қазына туралы шығарма

Oinet.kz 24-12-2019 5468

Қазақтың мақтанары жеті қазынасы. Олар нелер? Бауыржан Момышұлының жеті қазынасында қазыналар тізбегі былай берілген:

"Жүйрік ат − жігіттің қанаты. "Ат − ер қанаты" дегендей, атсыз жігіттің күні қараң болған.
Қыран бүркіт − жігіттің алғырлығы, бүріп түсер күш-қуаты.
Құмай тазы − сенімі, досқа адал беріктігі.
Берен мылтық − оты, қаһары.
Қақпан − серті, бірсөзді мәттігі.
Алмас кездігі − сұсы, айбыны.
Сұлу әйел − елдің бәріне сұлу қайдан табыла берсін, бірақ сұлу болсын-болмасын, ол − ер-азаматтың артындағы қамалы, отының берекесі. Сұлу әйел дегенде тек бет көркі емес, оның жан тазалығы, ақыл-парасатын айтқаны болуы керек. Беті жылтыраған ұрғашының бәрі қазынаға жатпаса керек. Сөздің қысқасы, ер жігіттің басындағы осы жетеуі түгел болса, таршылық көрмейді депті бұрынғылар
."

ЖІГІТТІҢ «ЖЕТІ ҚАЗЫНАСЫНА» НЕ ЖАТАДЫ?

Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қаҝарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы.

Жеті қазына туралы мәліметтер өте көп. Олардың кейбірінде жеті қазынаға "ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық жатады", − делінсе, басқасы "жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік", − дейді. 

Мұндай қазыналар тізімі неге жасалған дейсіз ғой? Қазақтар ескіден бұларды қадірлеп, құрметтеп жүрген. Бұл қасиетті түсінікті әр қазақ жатқа білуі тиіс.

Білім туралы шығарма, Білімді мыңды жығады
Ит туралы шығарма. Ит адамның досы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу