Әбілқайыр хан туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 3161

Әбілқайыр хан  (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан)  1693 жылы Түркістан қаласында өмірге келген. Небәрі 25 жасында ол Кіші жүзге хан болып сайланады. Ол өте қабілетті жауынгер, асқан әділ, адал басшы бола білген. Әбілқайыр тарихта аты алтын таңбамен қашалып жазылған хандардың бірі болған.

Znalezione obrazy dla zapytania Әбілқайыр хан

Әбілқайыр хан 1718—1748 жылдары билік еткен Кіші жүздің ханы. Ол өз кезегінде батырлығымен, өжеттілігімен, әділдігімен ел басқарған билеуші болған. 18 ғасырда нақ Әбілқайыр билік құрған тұстары қазақ елі басынан қиын кезеңдерді өткеріп жатқан болатын. Оның билік жүргізген жылдары жоғар шапқыншылығымен тұспа-тұс келді. Жоңғарлармен болған соғыстарды бәріне де хан өзі қатысып, ер мінезді жауынгер атын қрғап шығады. Сұрапыл соғыстардың заманында жаумен алыспай, беріспей күресіп, ел ықыласына бөленеді.

Хан жастайынан қатарластарының алды болады, мінезі өжет, нағыз ерге тән болады, әрі білгір болған Әбілқайыр кез келген мағлұматты дереу есте сақтап алады екен. 1726 жылы ол үш жүз билерінің бас қосуы кезінде бүкіл қазақ даласының билеушісі атанады. 

Әбілқайыр 1731 жылы қазанның 10 Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты 1738, 1740, 1742 жж. қайталады. Осылай ант беру арқылы хан елімізді басқа сыртқы жаулардың қаһарынан аман алып қалады.Ол еліміз үшін ең маңызды қадамдарға барады.

Алаштың бес арысы
Әлем әдебиеті туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу