Мирас Асан. Қолына қалам алды тағдыр-ұлық

Oinet.kz 15-08-2020 595

***

Қолына қалам алды тағдыр-ұлық,

Көрмеген бұғауламақ жанды құрық.

Тосады бір жазуды содан асау,

Қашады бір шимайдан мәңгі күлік...

Өткенін өшіре алмай өре құрғыр,

Жартасқа соғылады кеме дүлдүл...

Шимайы балапанның неге анық,

Шимайы алақанның неге бұлдыр?

Бақыттың жолы содан шиыр, шимай,

Құныңды кім есептер тиын судай?

Келемін отырса опақ, тұрса сопақ,

Қоғамға күпім сыйып, күйім сыймай...

Тағдырдың жалшысы бол, болмасы еге,

Деген бос, от жағамын тоңға сере...

Кімді-кім жазып жатыр сол екеудің,

Кім-кімді шимайлайды, сол мәселе...

Қаламнан деген қайда қол ширайды?

Келемін түзде жапан шөл ши қайғы...

Көшіріп бастай алмай сол жазуды,

Өшіріп тастай алмай сол шимайды...

Мирас Асан. Құдай жазған тағдырды
Мирас Асан. Махаббат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу