Абай Құнанбайұлы. Кешегі Оспан ағасы

Oinet.kz 28-08-2019 1442

Картинки по запросу абай өлеңдері

Кешегі Оспан ағасы

Кісінің малын жемепті.

Мал сұраған кісіге

Жоқ, қайтемін демепті.

Қуаты артық, ойы кең,

Жұрттың бәрін шенепті.

Досына дәл — жаз, жауға — аяз,

Алысқанды денепті.

Адалдық үшін алысып,

Жегішке ақы төлепті.

Бас шайқаймын дегеннің

Басына салды әлекті.

Қадыры қалың, малы көп,

Қылмаған кімге себепті?

Алақолсыз мырза еді,

Кем-кетікті елепті.

Оны да алды бұл өлім,

Сабыр қылсақ керек-ті.

Абай Құнанбайұлы. Келдік талай жерге енді
Мұқағали Мақатаев. «Аңсап жүріп, кездестік»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу