Абай Құнанбайұлы. Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?

Oinet.kz 29-08-2019 1592

Картинки по запросу абай өлеңдері

Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?

Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?

Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір.

Желікпен жерге тықпас кісің бар ма?!

Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?

Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.

Қай қызығы татиды қу өмірдің.

Татуды араз, жақынды жат қыларға?

Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін,

Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін.

Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма?

Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін.

Абай Құнанбайұлы. Сегіз аяқ
Абай Құнанбайұлы. Сәулең болса кеудеңде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу