Менің әкем. Әке туралы шығарма

Oinet.kz 23-12-2019 13212

Менің әкем - біздің отбасымыздың қорғаушысы. Ол отбасымыздың асыраушысы, қорғаны, тірегі. Білмеймін, тіпті, менің әкемді осы аядай ғана бір шығармама бейнелеп шығу мүмкін ба екен? Үйде қандай жағдай болса да, оның шешімін әкем айтады. 

Znalezione obrazy dla zapytania папа

Әкем негізінен көңілді кісі, десе де, орнымен. Ашулану қажет кезде ашуланып, сабырлы болу керек жерде сабыр танытып, бәрін де орнымен жасайды. Тіпті бір адамның осынша дана болуы үшін не істеу керек екенін де білмеймін. Менің әкем көпті көрген секілді. Ол бізді әлі күнге дейін еркелетіп, сабағымызды да әлі күнге қадағалайды. Оның айтуы бойынша, біз оның өмірінде бірінші орындамыз. Мен бұл үшін өте қуаныштымын. Әкеміз шынымен де әділ кісі, ол жөнсіз ұрыспайды, қателік жасасақ ақылмен түсіндіреді. Біздің жақсы азаматтар болып өскенімізді қалайды.

Мен сыныптастарыма да әкемді аузымнан тастамай айтып жүремін. Себебі оның айтқан ақылдары менің жадымда үнемі сақтаулы тұрады. 

Әкем мені ешқашан сөккен емес. Ол менің жақсы білім алып, мен де бір отбасының тіреушісі болғанымды қалайды. Үнемі ақыл айтып отырады. Өзінің білетіндеріен бөліседі. Менің өмірімде әкемнің алар орны ерекше!

Бала тәрбиесі: Балаға ақшаны неше жастан бастап үйрету керек?
Менің арманым. Арман туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу