Менің арманым. Арман туралы шығарма

Oinet.kz 23-12-2019

Менің алға қойған арман-мақсаттарым жетерлік. Мен армандаудан еш жалыққан емеспін. Себебі менің анамның айтуынша, армансыз адам қанасыз құспен тең, армандау тегін сондықтан да армандар шексіз болуы қажет. Мен атам әр бата қайырған сайын тілек тілеймін, өзімнің армандарымның орындалуын, отбасымның амандығын, бақытты болуымызды тілеймін. Арманды періште қағады. Біз қатты қаласақ, біздің кез келген арманымыз орындалады. Тек армандарымызға шын сене білуіміз қажет. 

Znalezione obrazy dla zapytania мечты

Мәселен мен бақытты отбасын құруды, үбірлі-шүбірлі болуды, жақсы оқу орнын аяқтауды, елім үшін құрметті азамат болуды, отаным үшін еңбек сіңіруді, бай-бақуатты болуды армандаймын. Мен осы армандарым үшін қызмет ететін боламын. Бауырларым мен ата-анамның көңілдеріне кірбің түсуіне жол бермеймін. Тек өзімнің емес, басқалардың да армандарының орындалуына түрткі болғым келеді.

Армандар шіркін біткен бе? Біріне қымбат көлік, басқасына соңғы үлгідегі телефон... Әрине, мен бұл дүниелерді менде болмасын демеймін, дегенмен мен үшін бастысы бәріміз аман-сау болып, бейбіт елде өмір сүрсек, басқасы бола жататындай...

Менің әкем. Әке туралы шығарма
Жеңіс күні туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу