Алматы облысында мешіттен шықпайтын әке өзінің туған қыздарын 10 жыл бойы зорлап келген

Oinet.kz 30-05-2023 8617

Адам түгілі айуан бұлай жасамайды. Сұмдық жағдай! Бауыр еті баласын туған әкелері он жыл бойы зорлап келген. Мектеп бітіріп, әбден азғын көрген апалы-сіңілі өз үйінен қашып, көмекті бөтеннен сұрап жалыныпты. Өйткені, туған шешелері біле тұра үніңді өшір, ауылдағы ағайынға қара бет боламыз деп шыдатқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Евразия жаңалықтарына сілтеме жасап,

Screenshot_14.jpg

Бірі 21 екіншісі 23 жастағы қос қыз туған әкелерінің азғындығын айтып елді дүр сілкіндірді. Үлкенін алғаш 11 жасында зорлаған. Кішісін, 13-те кезде бүлдірген. Сөйтіп, өскенше он жыл азаптап келген. Ақыры болмаған соң, ер жеткенде үйінен қашып, журналистерден көмек сұрапты. Сорақысы, шешелеріне айтқанымен, үніңді өшір, ағайын табалайды деп аузын жапқан.

"Екі әйеліне айтады қыздар жылап. Күнделікті әкеміз 11 жастан зорлап келеді. Біз өлетін болдық. Шаршадық. Біз бұлай өмір сүре алмаймыз. Өлеміз дейді ғой. Екі шешесі есітіп жылайды. Үндемейді. Ешкімге айтпайық»,- дейді журналист Сандуған Дүйсенова.

Туған қыздарының етегін бірде үйде, бірде түзде түрген әкесі. Ауыз ашса, бауыздаймын деп қорқытқан. Әкесінің екі әйелі бар екен. Шешелері білгенімен екеуі жабылып ештеңе істей алмапты. Туыстары қаскөйге сеніп, өздерін кінәлаған. Бүгін де, елден ұялды ма әйтеуір камерадан қашып, барынша тығылды. Тоқалы түк сезбедім, түк білмеймін деп құтылды.

Қыздың анасы мен журналистің әңгімесі: 

"- Сіз қызыңызды білдіңіз бе?

- Білмедім.

- 13 жастан бастап зорланғанын білмей келдіңіз ба? Күйеуіңіздің қандай екенін білмей келдіңіз ба?

- Білмей келдім. 

- Неше балаңыз бар?

- 2 балам бар.

- Бәйбішеден ше?

- Төрт баласы бар.

- Неше жыл отастыңыз?

- 13 жыл болды".

Зорланған қыздар бәйбішенікі. Шешеден қайыр болмаған соң апалы-сіңілілер соңғы жылдары әкесінің азғын ісін аудиожазбаға басып, дәлел жинаған. Содан соң қашуға отталған. Ал, адуынды бәйбіше, алғашқыда күйеуіне сеніп, қыздарына сенбейтінін айтып еді, артынша қыздарымды қолдаймын деп есікті тарс жапты.

Қыздың анасы мен журналистің әңгімесі:

" - Кому вы верите?

- Я верю дочкам. Я буду защищать права дочерей.

- Вы знали?

- Я не знала".

Екбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылы екі бөлінген кешелі бері. Өйткені, бауыр еті баласына туған әкесі азғындық көрсетті дегенге сенбейді. Оның үстіне, елдің алды. Екі әйелдің басын бір қазанда тату ұстап отырған айрандай ұйған отбасы деп біледі. Өзі ылғи мешітте жүреді екен. Күзет фирмасында басшыға ұқсайды. Естіген көршілерінің төбе шашы тік тұрды.

"Өте тамаша көрші. Қатынасып жүрміз ғой. Үйіне барсақ, құда күткендей күтіп алады. Жақсы",- дейді көршісі  Райхан Балқыбаева.

"Шыны керек, мен онымен жақсы араласатынмын. Ешқашан ойламадым. Өзім қазір таң қалып жүрмін да",- дейді көршісі  Сембай Қасқаров.

Балалығынан айырылған қос қыз тоғыз жыл бір мектепте оқыған. Бес жыл бұрын тәмәмдапты. Сабағы жақсы, мінезінде кінәрат болмаған. Тіпті, жыл сайын медициналық тексерісте зорланғанын қалай ешкім байқамағаны жұмбақ. Ал, полицейлер 57 жастағы азаматты күні кеше ұстапты. Міне, еңгезердей күдікті осы. Жедел түсірілім де жасап үлгерген.

Дәл осы баппен егер күдіктінің ісі дәлелденсе, 20 жылдан өмір бақиға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кету керек, он жыл бойы туған қыздарын зорлап келген ер азаматтың үйіндегі әйелінен бөлек, бірінші әйелі болған. Одан бір қыз бар. Кезінде Швецарияға қашып кетіпті. Екінші әйелден төрт қыз бір ұл. Екеуі оқушы. Ұлы әскерде көрінеді. Ал, үшінші әйелден екі ұл. Сонда төрт оқушы. Енді солардың денсаулығын полиция департаменті жіті тексереміз деп қалды.

Пәк болмаған қыздан бас тарту дұрыс па?
«Бұға берсең, сұға береді» деген осы екен ғой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу