Мені дуалаған орыс кемпірдің өзі соңында оңбай опық жеді

Oinet.kz 01-09-2023 2440

Оқу бітіріп келгесін орыс мектебіне жұмысқа кірген болатынмын. Жұмыста тиянақтылығыммен көзге түсе бастағасын, бір орыс апай мені көре алмай сыртымнан оқытқан екен.

Screenshot_5.jpg

Аяқ киімімнің ішіне оқылған мак шашып, өлімімді қалаған екен. Бір жыл бойы аяғым ауырып, соңы баса алмайтын жағдайға жеттім. Тағы ұялмай көрген жерде "Как здоровья?" деп сұрап жүретін. Сонда түсіме төртінші атамның әйелі, яғни әжем кіріп, аян берді. "Арыстан бабтың басына барып 13 күн түне" деді. Жазда әулиенің басына барып келсем, мені дуалаған орыс кемпірдің менімен түйдей жасты қызы қайтыс болыпты. Жақсылық та, жамандық та өзің қайтып келеді екен. Соған көзім жетті.

Күнсұлу

Енем үш ұлы үйде шалқайып жатса да, отынды өзі шауып жүреді
Таксист ағайды есінен тандырып қоя жаздаған келін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу