Трансформатор зауыты 500-ден аса азаматты жұмыспен қамтып отыр

Oinet.kz 14-07-2021 1915

Ірі кәсіпорындар - табыс көзі. Бұндай кәсіпорындар көптеген жұмыс орындарын ашып, өңірдегі жұмыссыздық үлесін азайтады. Көптеген азаматтар жұмыс істеп, отбасын асырайды. Өзгеге салмақ салмай, өз күндерін өздері көреді. 

Screenshot_1.jpg

Шымкентте көптеген азаматты жұмыспен қамтып отырған зауыттардың бірі - трансформатор зауыты. Бұл зауыт Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Шымкент қаласының экономикасының өсіп-өркендеуіне қосып жатқан үлесі өте зор.

Зауыт ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылған. Бұл күнде электротехникалық компанияның құрамында электроэнергетика, электромашина құрылысы және құрылыс саласын жүргізетін 30-дан аса кәсіпорындар мен зауыттары бар. Кәсіпорын кернеуі 110 кВ-дан 500 кВ-ға дейінгі автотрансформаторлар және күшті май трансформаторлар, сонымен қатар реакторлар өнімін шығарады. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 12 мың МВА-дан жоғары және 120 трансформатор шығаруға қауқарлы. 

Сондай-ақ, кәсіпорын отандық құрылыс материалдарын пайдаланады, тек зауыт ішіндегі арнайы қондырғылар ғана Украина және т.б. елдерден келеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын өндірілген өнімдерін ішкі нарыққа ғана емес, Ресейге, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Түркіменстанға, Қырғызстанға, Иранға, Ауғанстанға экспортталады. Айта кетейік кәсіпорын 500-ден астам қала тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Осының нәтижесінде тек Шымкент қаласы емес, респубика бюджетінің қампаюны зор үлесін қосуда.

Шымкентте спорттық туризм саласы дамып келеді
45 кәсіпкерге бастапқы қолдау көрсетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу