Әйтенов Шымкентке инвестиция тартуда

Oinet.kz 16-06-2021 374

Әкімнің жұмысы оның инвестиция тартуымен бағаланады. Егер әкім өзі басқаратын өңірге сырттан қаржы тартып, жаңа жұмыс орындарын құра білсе оның абыройы асқақтайды. Республикалық бюджетке алақан жаймай, керісінше донор өңірге айнала білу керек. Бұл әкімнің іскерлігін көрсетеді. 

Screenshot_20.jpg

Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Матзер Пласс» израильдік компания өкілі Шмуль Шчупакпен кездесті. Кездесуде қос тарап екі ел ынтымақтастығын нығайта отырып, елімізде тамшылап суару түтігі өндірісін іске қосу жайын айтты. «METZER PLAS» компаниясы - ауыл шаруашылығында суару саласындағы жетекші компаниялардың бірі. Олар өз тұтынушыларына су ресурстарын ұтымды пайдаланудың инновациялық технологияларын ұсынады. Қазіргі уақытта тамшылатып суару технологиясы суару нарығында әртүрлі салаларда қолданудың арқасында үлкен үлесті алады. «Ирригатор Казахстан» ЖШС нақ осы компанияның ресми өкілі болып табылады. Айта кетерлігі, Израиль мемлекеті әлемде аргоөнімдерді экспорттауда алғашқы орында. 

Компанияның басқарма төрағасы Шмуль Шчупак инвестор ретінде Шымкент қаласында тамшылатып суаруға арналған полиэтилен құбырларын өндіру жобасын іске асыруға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Қаланың географиялық орналасуы, климаттың қолайлығы Шымкенттің басты ерекшелігі болып тұрғанын атап өтіп, іскерлік қарым-қатынасқа қолдау көрсетуін сұрады. 

- Шымкенттің стратегиялық маңызды объектілері және әртүрлі салаларға инвестиция салуда белгілі бір артықшылықтары бар. Қалада 3 «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймағы, арнайы-экономикалық аймақ және 1 сауда-логистикалық орталық жұмыс істейді. Мұнда қаражатты тиімді инвестициялау және жобаларды іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Инвесторларға ұзақ мерзімді жалға берілетін тегін жер телімдері, дайын инфрақұрылым және коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтер ұсынылады. АЭА қатысушылары үшін салық жеңілдіктері де қолданылады. Сондай-ақ, қала көлік-логистикалық хаб ретінде дамып, өңірдің екі ірі экономикасын біріктіріп, халықаралық саудадағы Қазақстанның оңтүстік қақпасына айналады, - деген қала әкімі бірлескен жобаларды іске асыруға сенім білдірді.

Шымкентті жұлдыздар жарнамалайды
Зообақ туристерді тартуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу