Зообақ туристерді тартуда

Oinet.kz 16-06-2021 361

Шымкент қаласы күннен-күнге көркейіп келеді. Қалада қызмет көрсету нысандары жоғары деңгейге көтеріліп туристерге сапалы қызмет көрсетуде. Қалаға саяхаттап келген туристерге көрсетілетін қызмет түрі сан алуан. Және ең бастысы қалада туристерді тарта білетін қызықты жерлер өте көп. Соның бірі - зообақ. Жақында зообақ басшылығы жағымды жаңалығымен бөлісті. Қала күніне орай 18, 19, 20 маусым күндері Шымкент зообағына кіру тегін болады.

Screenshot_21.jpg

Халық көп келетін демалыс орындарының бірі саналатын зообаққа келушілер міндетті түрде ASHYQ қосымшасы QR арқылы кіреді. Келушілер карантин талаптарын сақтап, бетперде тағу міндетті. Айта кетейік, зоологиялық бақтың келбеті жыл өткен сайын өзгеріп келеді. Бақтың оң жақ бөлігінде хайуанаттарға арналған «Африка» аймағы құрылып, жан-жануардың түйеқұс, зебра, антилопа, гну, марал сынды 6 түрі бар. Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы 2010 жылдың шілде айында «Еуразиялық аймақтық зообақ және аквариум» ассоциациясына қайта мүшелікке енді. 

Зообақтағы жан-жануарлардың басы мен түрінің артуымен бірге, тазалық, көгалдандырыру және қайта құру жұмысы да атқарырып келеді. Шымкенттіктердің сүйікті демалыс орнына айналған бақтың осы жылдар аралығында қандай кейіпте өзгерді.

Әйтенов Шымкентке инвестиция тартуда
Жұмыссыздықпен күрес қарқынды түрде жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу