Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастауда

Oinet.kz 10-07-2019 939

Screenshot_21.jpg

Жуырда Дүниежүзілік экономикалық форум әлемнің түрлі елдеріндегі желілік дайындық индексін анықтау бойынша зерттеу нәтижесі көрсетілген жыл сайынғы «Ақпараттық технологияларды дамыту бойынша жаһандық есепті» жариялады.  Биылғы жылы әлем елдері көрсеткіштердің төрт категориясы бойынша бағаланған зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша 139 елдің арасында 39-шы орында.   

Өткен жылғыдай көш басында - Сингапур, Финляндия, Швеция. Қазақстан ТМД елдері арасында көшбасшы орынға тұрақтап, өңірлік рейтингті бастап тұр. Ал, «АКТ саласындағы заңнаманы дамыту» көрсеткіші бойынша Қазақстан  2015 жылғы көрсеткіштен (48 орын) 10 орынға жоғарылап, 2016 жылы 38 орынға тұрақтады. «Мектептерде интернетке қолжетімділік» көрсеткіші бойынша еліміз бір жыл ішінде 15 деңгейге көтеріліп, 41-ші орынға жетті. «Бизнесті ашу үшін қажетті уақыт» және «Бизнесті бастауға қажетті процедуралар саны» көрсеткіштері бойынша Қазақстан әлем елдерінің алғашқы отыздығына енеді. Бұл ретте еліміз бір жыл ішінде көрсеткіштерді екі есеге арттырып, қазіргі уақытта сәйкесінше 26-шы және 22 орындарға жетті. 

Айта кетелік, желілік дайындық индексі – әлем елдерінде ақпараттық қоғамды дамыту жөніндегі жыл сайынғы баяндамалар сериясы шеңберінде 2002 жылдан бері Дүниежүзілік экономикалық форум мен INSEAD  халықаралық бизнес мектебі ұсынатын АКТ-ні дамытудың кешенді көрсеткіштері болып табылады. 2013 жылы жобаға Корнельск университеті жанындағы Сэмюэл Кёртис Джонсон атындағы Жоғары басқару мектебі қосылды. Түрлі елдердегі ақпараттық қоғамның даму деңгейін көрсететін салыстырмалы рейтингтерді құру үшін талдау құралы ретінде пайдаланылады.

Мұрағаттан, 2016 ж, шілде

Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі?
«Жасыл экономика» - дамудың стратегиялық бағыты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу