FlyArystan экс-қызметкерлерінен 1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді

Oinet.kz 30-01-2026 41

FlyArystan әуе компаниясының бұрынғы қызметкерлері – Дәуір Еркенұлы, Еркін Исанов және Ренат Абулханов қызметтік қаражатты иемдену және жымқыру ісі бойынша сотталғаннан кейін қымбат мүліктерінен айырылуда деп жазады Оinet.kz тілшісі.

image.png

 Тергеу дерегінше, олар 2019–2024 жылдар аралығында әуекомпания қаражатын заңсыз иемденген.

Дәуір Еркенұлынан жалпы құны жүздеген миллион теңгені құрайтын Toyota Land Cruiser 200, Toyota Camry, анасының атына рәсімделген Mercedes-AMG GT S, туысының атына тіркелген ZEEKR 001 электромобилі, тіркеме, сондай-ақ банк шоттары мен криптовалютадағы 4 млн теңге тәркіленеді.

Еркін Исановтан ZEEKR 001, Ducati Monster мотоциклі, жұбайының атына рәсімделген пәтер, бірнеше автотұрақ орны мен қойма (жалпы құны 125 млн теңге), сондай-ақ шоттардағы және криптовалютадағы қаражат алынады.

Ренат Абулхановтың мүлкі қатарында KIA K5, Hyundai Palisade, жұбайы мен анасының атына рәсімделген бірнеше элиталық пәтер, банк шоттары мен криптовалютадағы 4,8 млн теңге және 5 131 доллар бар.

Сот шешімімен Air Astana пайдасына 1 млрд теңге залал өндірілді. Бұдан бөлек, сотталғандар 30,4 млн теңге мемлекеттік баж төлеуге міндеттелді.

 Еске сала кетейік, сот әуекомпания қызметкерлерін  ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Аса ірі көлемде ұрлық») және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы («Ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру») бойынша айыпты деп таныған болатын.  Еркін Исанов пен  Ренат Абулханов 8 жыл 6 ай, Дәуір Еркенұлы 9 жылға бас бостандықтарынан айырылды. 

Мен Ванга емеспін - Энергетика министрі
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу