Шын сүйгің келсе, тәніне қол тигізбе, жүрегін дір еткіз

Oinet.kz 14-02-2019 1787

2-20.jpg

1. Бір тамшы мейірім бір қап пәлсападан артық.

2. Егер ол адамның сізге уақыты жоқ болса, кері бұрылып қашыңыз, әйтпесе өміріңіз кезекте тұрумен өтіп кетеді.

3. Егер ол сізден хабар алмай бір күн өмір сүре алса, онда басқа күндерді де сізсіз өткізе алады.

4. Кей адамдармен қарым-қатынас өрмекшінің торы іспетті, олардан ләззат алмайсың, тек шатысып жүресің...

5. Байқамай жан дүниеңнен орын алған адамды ешқашан ол жерден қуып шыға алмайсың. Оның орындығы бос болса да сонда тұрады.

6. Әр адам өмірінде осындай жағдайдан өтуі тиіс. Өзгенің жүрегін жаралап, өзінің жүрегіне дақ салдырып. Содан кейін өзінің де, өзгенің де жүрегіне аса мұқият болуды үйренуі керек.

7. Адамдар бір-бірін шын жақсы көретінін түсінген шақта тыныштық басталады.

8. Адалдық сақтау керек. Сөзіңе, міндетіңе, өзгеге, өзіңе. Ешқашан ешкімді жерге қаратпайтындай адам болу керек.

9. Ер азаматтың қуаты – оны жан-тәнімен сүйетін әйел. Ол оның ары, сенімі, абыройы!

10. Ескек есуді үйренбейінше, қайық ауыстырудың қажеті шамалы.

11. Кейде бір тілде сөйлейтіндерге де аудармашы керек. Бір тілде ойлайтындарға оның керегі жоқ.

12. Өмірде сіз ештеңе істемейтін екі күн бар. Олар кеше мен ертең.

13.Жаңа өмір тек іштегі ескі өмірдің күлі көкке ұшқанда басталады.

14. Әйел жыласа, еркектің осалдығы.

15. Шын сүйгің келсе, тәніне қол тигізбе, жүрегін дір еткіз.

16. Құмарың басылса да оны сағынсаң, шын сүйгенің.

17. Кей адам не айтқаныңды естімейді, ал кейбірі не ойлағаныңды естиді.

18. Адамзат баласының ең үлкен ақымақтығы – қорқыныш. Cезімін білдіруге, сөйлесуге, батыл қадам жасауға. Үнемі қорқып жүреміз. Сондықтан жеңілеміз.

19. Бірінші болып кешірім сұраған адам – батыл. Бірінші болып кешірген адам – мықты. Бірінші болып ұмытқан – бақытты.

20. Ең қауіпті қарым-қатынас – сену.


Афоризм кітабынан

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


Оғыз Доған Жазира мен Жанболатты қатаң сынға алды
«Риддер-Астана» пойызы қайта Шар станциясы арқылы жүруі мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу