Мырзагелді Кемелдің бизнес жайлы қанатты сөздері

Screenshot_11.jpg

Бiз жаңа, жақсы нәрсенi бастау үшiн ең алдымен бiрдеңенi жоғалтып, бiр нәрседен бастауымыз керек. Аурулар, жазатайым жағдайлар, қаржы сәтсiздiктерi, махаббат күйiнiштерi белсендiлiктi арттырады және бiздi тағдырдағы бетбұрысты кезеңге итермелейдi немесе дәлiрек айтқанда, осылардың арқасында бiз болатын өзгерiстерге жiгерленемiз. Сонымен, кейде тiзенiң жарақаттануы не өкпенiң қабынуы адамдағы мүлгiп жатқан түйсiктi оятуға түрткi болады. Кез келген өтпелi бақытсыздықта ғажап жаңа мүмкiндiктер бұғып жатады. Демек, сәтсiздiктер, апаттар, тағдыр соққылары жаңа мүмкiндіктерді туғызады, психологтардың пiкiрiнше тағдыр бiздi аяусыз тоқпақтамайды, ол бiздi оянуымыз үшiн нұқып жiбередi. Жағдайға осы тұрғыдан қараған жөн.

Екi адам бiр-бiрiмен шағым айту немесе өсектесу үшiн кездеспеуi тиiс, адамдар бiр-бiрiне рухани жандар ретiнде керек, адамдар әңгiмелесу арқылы бiр-бiрiнiң рухын көтере алатын болғандықтан, одан ләззат алады.

Адамдармен кездесу кезiнде өзiңдi еркiн сезiнуге көмектесетiн алты әдiс:

– күл, езу тарт;

– өзiң туралы айт;

– сұхбаттасыңа еңкейiңкiреп тұр;

– сұхбаттасыңа жанас;

– көзiне қарап тұр;

– бас изеп тұр.

Тағы бiрнеше кеңес:

– өзiңдi таныстыр;

– тәуекел ет;

– менi қабыл алмайды-ау деп көңiлiңе алма;

– жаңа идеялардан қашпа;

– есiмдердi ұмытпа. Бiреудiң есiмiн ұмытып қалсаң, қайта сұраудан қысылма;

– басқаларға өзiң үшiн маңызды нәрсенi айт.

Өмiр қағидалары:

– сөзден iске көшкен абзал;

– өз сенiмiңдi дәлелде, қорғап бақ, бiрақ өз қателiктерiңдi мойындай бiл, тек сонда ғана алға жылжисың;

– жақыныңды жақсы көр және оған болашаққа сiлтемей, қазiр көмектес. Оған өз дегенiңдi таңба, оның мүддесiн ойла;»

– жамандық, қызғаныш ойлама: кекшiлдiк сезiмнен арыл. Адамдар бiр-бiрiне бауыр екенiн және көп нәрсенi бейбiт жолмен шешуге болатынын ұмытпа. Қажет болса, әлсiздерге жақтасып, зорлықпен күресуге дайын бол.

Мыналардың төңiрегiнде ойлана жүрiңiз:

– тым сыпайы емеспiн бе;

– адамды қажытатындай елгезек емеспiн бе;

– тым күйгелек емеспiн бе;

– мойындауға аса бейiм емеспiн бе;

– өзiмнiң уайымдарым мен ренiштерiм туралы көп әңгiмелеп кетпеймiн бе немесе, керiсiнше, тым мақтанып жүргенiм жоқ па;

– мүмкiн үзiлдi-кесiлдi, қатты дауыстап, қызба сөйлейтiн шығармын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сәбиге ерекше есімдер
  • Үтіктегі дақты кетірудің 5 жолы
  • Үйлену тойдағы ең үздік фотосуреттер
  • Қойдың басын қалай үйлестіреді?
  • Тіс пастасының пайдасы
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика