Үйде жағымды хош иіс орнату үшін қолданылатын 9 тәсіл

Үйде жағымды хош иіс орнату  үшін қолданылатын 9 тәсіл

Үйдегі жағымды хош иіс әркез жанды қуантып, жадыратады. Ол үшін арнайы ауатазартқыш сатылып алудың қажеті жоқ, оны өзіміз үй жағдайында да жасай аламыз. Әуелі үйді толығымен тазалап, иісі шыққан көне заттардан арылтып алғанымыз жөн. Осыдан кейін үйге жағымды хош иісті орнықтыруға болады. Мақалада үй жағдайда хош иісті дайындау тәсілін қарастырайық.

Кептірілген цитрустар

128-0-add1bbc41e3168ce9bf765789ee63263.jpg

Үйіңізді жағымды цитрустық иіспен өзгертіңіз. Дайындау тәсілі оңай: цитрустық жемістерді жұқалап тіліп, оны пеште пісіріп аламыз. Бірақ жоғары температурада пісірудің қажеті жоқ, күйіп кетуі мүмкін. Дайын болған цитрустарды мата сөмкелерге салып, бөлмегелерге қоямыз.

Жаңа пісірілген тәттілер

128-2-add1bbc41e3168ce9bf765789ee63263.jpg

Хош иісті таратудың тағы бір әдісін қарапайым пештің көмегімен жасауға да болады. Қамыр дайындау ұнамаса, дүкеннен дайын қамыр сатып алып, бетіне қантты корица мен май жағып пеште пісіріп аламыз. Бар жоға 15-20 минутынызды алады.

Қолдан жасалынған гельді ауатазартқыш

128-4-add1bbc41e3168ce9bf765789ee63263.jpg

Сізге хош иісі бар желатин, глицерин және өзіңізге ұнаған эфир майы қажет. Барлық қоспаны араластырып, қақпағы бар ыдысқа салып, бөлмеге қойыңыз.

Үй өсімдіктері

128-6-add1bbc41e3168ce9bf765789ee63263.jpg

Егер сіздің шаңға аллергияңыз болмаса, үй өсімдігі жақсы тәсіл. Мәселен герань, гардения және жасмин бөлмеге әдемі хош иіс таратады. Бұл тәсілдің жалғыз кемшіл тұсы – гүлдеу уақыты шектеулі.

Даршын таяқшалары (коричные полочки)

128-8-add1bbc41e3168ce9bf765789ee63263.jpg

Тек даршынды шамдарға жабыстырыңыз немесе байлаңыз. Басқа да қоспаларды да қосуға болады, мәселен анис жұлдызшаларын. Тек оны мөлшерден көп қоспаңыз, әртүрлі иістердің қосындысы жағымсыздық тудыруы мүмкін.

Ваннаға арналған бомбалар

128-10-add1bbc41e3168ce9bf765789ee63263.jpg

Бомбаларды жиі қолдану арқылы сіз әжетхана мен ваннадағы жағымсыз иісті ұмытасыз. Бұлар көбіне дүкенде қымбат бағада сатылады. Егер сіз үй жағдайында жасай алсаңыз, шығынданудың не қажеті бар? Мұны жасау үшін үйде қолданылатын лимон сығындысы, сода, хош иісті немесе эфир майы қажет. Тағы бір-екі  тамшы зәйтүн, миндалды немесе овакадо майын қосса да болады. Бөлек ыдысқа сода, лимон сығындысын және майды араластырамыз. Дайын болған қоспаны дөңгелек ыдыстарға салып, пішінін келтіреміз. Айтпақшы, сіз бомбаларды қызықты түстерге бояғыңыз келсе (мәселен, сыйлық үшін) тағамдық бояғыштарды қолдансаңыз да болады.

Лавандадан жасалынған гирлянда

128-12-add1bbc41e3168ce9bf765789ee63263.jpg

Бұл  нағыз табиғи ауатазартқыш ғана емес, сонымен қатар үйге көрік береді. Мұны жасау үшін сізге гирлянда, мақта жүні, желімдегіш және лаванда гүлі қажет. Мақтаны кішкентай доптарға орап, содан кейін лаванда гүлін желімдейміз. Сол арқылы ілгіш өткізіп, ілмек жасаймыз.

Эфир майынан жасалған банкалар

128-14-add1bbc41e3168ce9bf765789ee63263.jpg

Жасау үшін сізге қақпағында саңылауы бар банка, сода және эфир майы қажет.  Банканың төртен бір бөлігін содамен толтырып, бірнеше тамшы май тамызыңыз. Осындай ауатазартқыштарды үйіңіздің барлық бөлмелерде орналастырсаңыз, бөлмеңізде хош иіс ұзаққа созылады.

Хош иісті майшамдар

128-16-add1bbc41e3168ce9bf765789ee63263.jpg

Сіз мұны ешқандай қиындықсыз ескіріп қалған майшамдардан жасай аласыз. Балауызды немесе парафинді ыстыққа төзімді ыдысқа ерітіп, өзіңізге ұнайтын эфир майынан бірнеше тамшы тамызыңыз. Содан кейін майшамды дайындап, жіппен пішінін келтіретін ыдысқа бірте-бірте құйыңыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аллергияңыз қозбас үшін...
  • Медицинаны мистикадан ғылымға айналдырған Гиппократ
  • Балаңызға тіс шыға бастады ма?
  • Әйел затын ерте қартайтатын жаман әдеттер
  • Ешқашан жеңілмеуге 12 себеп
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика